Болат Назарбаевтың туыстарының үйіне ұры түскен хабарланды
14 қарашаға қараған түні Алматы облысының Қарғалы ауылында тұрғындары көрші үйдің маңында полиция көліктерінің көп жиналғанын байқаған. Желіде тараған ақпаратқа сенсек, ұры түскен үй марқұм Болат Назарбаевтың туыстарына тиесілі.
“Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы ауылының тұрғындары өткен түні марқұм Болат Назарбаевтың туыстарына тиесілі үйдің маңында полиция қызметкерлерінің көп болғанын байқады», – делінген жазбада.
Өңірдің полиция департаменті де бұл деректі растады. Алайда ұры түскен үйдің нақты кімге тиесілі екенін нақтыламады.

