Фото: КБТУ
Қазақстандағы беделді жоғары оқу орындарының бірі – Қазақ-Британ техникалық университеті (КБТУ) енді мемлекетке тиесілі. Бұған дейін университеттің иесі болған Нұрсұлтан Назарбаев білім қоры акционерлер қатарынан шығарылды, деп хабарлайды Todayinfo.
2025 жылғы 27 ақпаннан бастап, қаржылық есептілікке сәйкес, университет Қайтарылған активтерді басқару компаниясының (ҚУВА) меншігіне өтті. Бұл ұйым мемлекетке тиесілі.
eGov деректері бойынша, Назарбаев білім қорының құрылтайшылары:
- Динара Құлыбаева (Қазақстанның экс-президентінің қызы),
- Галина Самарская,
- Асқар Нұрпеисов.
2000 жылы КБТУ-ды Қазақстан Үкіметі, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігі және Британдық Кеңес бірлесіп құрды.
2003 жылы университеттің жалғыз акционері «ҚазМұнайГаз» атанды.
2018 жылы КБТУ Назарбаев білім қорына 11,3 млрд теңгеге сатылды.
2024 жылдың ақпанында Алматы прокуратурасы сотқа шағым түсіріп, «ҚазМұнайГаз» бен Назарбаев білім қоры арасындағы келісімді жарамсыз деп тануды талап етті. Прокуратураның мәлімдеуінше, КБТУ-дың сатылым бағасы нарықтық құнынан төмендетілген болуы мүмкін.
КБТУ ғимараты Алматы қаласының орталығында орналасқан. Ол 1957 жылы салынған, кеңес дәуірінде Қазақ КСР Министрлер Кеңесі осында жұмыс істеген, ал кейінірек Қазақстан Парламенті орналасқан.
Сондай-ақ, Курсив басылымының хабарлауынша, КБТУ-ға тиесілі Сокольский атындағы отын, катализ және электрохимия институты да Қайтарылған активтерді басқару компаниясына берілді.