Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Жемқорлық биліктің түбіне жетті»: наразы халық бұрынғы премьер-министрдің әйелін өлтірді

9 Қыркүйек, 2025

«Шаяхметова, Жақыпова, Бахмутова»: Forbes Kazakhstan ең ықпалды әйелдер тізімін жаңартты

9 Қыркүйек, 2025

«Мені итеріп, интимді жерімнен ұстады»: Алматыда ер адам бойжеткенді аңдып, кейін оның жыныс мүшесіне қол жүгірткен (ВИДЕО)

9 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жемқорлық биліктің түбіне жетті»: наразы халық бұрынғы премьер-министрдің әйелін өлтірді
  • «Шаяхметова, Жақыпова, Бахмутова»: Forbes Kazakhstan ең ықпалды әйелдер тізімін жаңартты
  • «Мені итеріп, интимді жерімнен ұстады»: Алматыда ер адам бойжеткенді аңдып, кейін оның жыныс мүшесіне қол жүгірткен (ВИДЕО)
  • Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады
  • «Елдің сөзін құлағына да ілмеді»: Алматыда автобусты тоқтатып қойып, намаз оқыған жүргізуші жолаушының наразылығын тудырды (ВИДЕО)
  • «Көргенсіздік көрсетіп отырғандардың дені – әйелдер»: Света Айтбаева қоғамдық орындарда айқай-шу шығаратын әйелдердің бар екенін растады
  • Астанада көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы өңірлерден 10 есе артық – министр
  • Президент Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 9 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Назым бар: Дана Нұржігіт Халық артисі атағы нағыз иесін таппағанын айтты

Назым бар: Дана Нұржігіт Халық артисі атағы нағыз иесін таппағанын айтты

23 Мамыр, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт «Халық әртісі» атағына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.

Дана Нұржігіт «Қазақ радиосының Ақбаяны» атанып кеткен Сауық Жақановаға «Халық әртісі» атағын беруді ұсынды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті.

«Халық әртісі дегенде менің айтар назым бар. Биыл Қазақ радиосының Сандуғашы-Сауық Жақанова 80 жасқа толды. Алдына барып дәріс алмасам да,өзімді апайдың шәкіртімін деп есептеймін. Интернатта жатып оқыған мен төсегімді қабырғаның жанында тұрса екен дейтінмін. Өйткені ол жерде ілулі тұратын радионы таңертең кешке жоғарыдағы шегесінен алып,құлағыма басып, жастанып тыңдаушы едім. Апайдың үні менің дауысымды қойды,үнімді түзеді,қоңыр әуезге тәрбиеледі, тіл ұстартты. Дәл осылай апайды ұстаз тұтатындар көп. Өте көп», — деді тележүргізуші.

«Қазақ радиосында» ойып алар орны бар Сауық Жақанова биыл 80 жасқа толған. Өмірін халыққа арнаған диктордың бүгінде денсаулығы толықтай сыр беріп, естуден қалған. 

«Ақша мен денсаулықтың қадірін қартайғанда білесің. Ол рас. Көкірегің сайрап, ал бойдан қуат кете бастағанда қасыңнан болмысыңды, орныңды білетін, шын сыйлайтын адамдар табылмаса қиын. Жас келгенде өзін зор санайтындардың алдында, қор болу үлкен сынақ. Бірақ мен айтатын Сауық апам оны да күліп қарсы алады. Гүл сыйласаң, гүл солады, ал сенің қалтаң жұқарады деп уайымдайды, тойына барсаң, жолда шаршап, қарның ашып қалмады ма деп алаңдайды. Біреуді артық мазалап қойдым ба деген шын зиялы адамның мінезі. Уайымы. Ескіліктің жұрнағы ма? Жоқ! Бүгінгі “маған қара,мені көр, мен бәрінен мықтымын!» деген бетпақ әдеттің бірі де жоқ Сауық Жақановада! Міне, осындай сезімтал, аппақ жүрегі оның үніне ұласқан. Үн-оның жан айнасы. 600-ден астам шығармаларды оқып, Қазақ радиосына мұра етіп қалдырған, мыңдаған тікелей эфирлер, радио-бағдарламалар қаншама ұрпақты тәрбиеледі. Әріптестер-Жазира Амантай, Таңсұлу Алдабергенқызы Сауық апайдың 80 жылдығына кітап шықсын деп ат салысты, Алматы мен Қарағанды қолдан келгенше кешін ұйымдастырды», — деді Дана Нұржігіт.

Қазіргі таңда Сауық Жақанованың денсаулына ақша да, күтім де қажет. Дана Нұржігіт нағыз атақ, нағыз еңбек Сауық Жақановаға тиесілі екенін, алайда оны биліктің ескермегенін айтты. 

«Апам бүкіл денсаулығын мамандыққа берген, екі құлақ радиодан тапқан дерт-естімейді. Аппаратпен жүр. Бірақ, эфирдің адамы сахнада жиналатынын өзімнен білемін. Білдірмеуге тырысады. Ал әуезді үн сол баяғы. Дым өзгермеген. Өйткені жүрек сол баяғыша. Адамзатты, өмірді сүйген жүрек. “Қазақ радиосының Ақ Баяны» деп атап кеткен Халық артисі Әнуарбек Байжанбаевтың шәкірті, 80 сеңгіріне шыққан Сауық Жақанованың ұстаз жолымен Халық артисі атанғаны өте орынды, заңды болар еді деп ойлаймын! Өйткені дәл Мәдениет пен Өнер қызметкерлері күні Сауық Жақановаға құрмет көрсетсек, артық болмас түгілі, ел болып қоштар едік! Мен оған кәміл сенемін!», — деді тележүргізуші.

Оқылып жатыр

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Президент Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады

«Рассрочка бар ма»: дұға сатумен айналысатын танымал блогер жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

Вашингтонның визалық талабы: АҚШ-қа барғысы келетін ресейліктер Астанаға ағылатын болды

«Келеңсіз оқиғаларды жиі көруге болады»: Тоқаев қоғамдық орындарда айқай-шу шығарып, балағат сөз айтатын әйелдерді сынады

«Маған парламенттік реформа туралы айту оңай емес»: Тоқаев кезінде өзі 10 жыл басшылық еткен сенатты таратуды ұсынды

Соңғы жазбалар

«Жемқорлық биліктің түбіне жетті»: наразы халық бұрынғы премьер-министрдің әйелін өлтірді

9 Қыркүйек, 2025

«Шаяхметова, Жақыпова, Бахмутова»: Forbes Kazakhstan ең ықпалды әйелдер тізімін жаңартты

9 Қыркүйек, 2025

«Мені итеріп, интимді жерімнен ұстады»: Алматыда ер адам бойжеткенді аңдып, кейін оның жыныс мүшесіне қол жүгірткен (ВИДЕО)

9 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

9 Қыркүйек, 2025

«Елдің сөзін құлағына да ілмеді»: Алматыда автобусты тоқтатып қойып, намаз оқыған жүргізуші жолаушының наразылығын тудырды (ВИДЕО)

9 Қыркүйек, 2025

«Көргенсіздік көрсетіп отырғандардың дені – әйелдер»: Света Айтбаева қоғамдық орындарда айқай-шу шығаратын әйелдердің бар екенін растады

9 Қыркүйек, 2025

Астанада көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы өңірлерден 10 есе артық – министр

9 Қыркүйек, 2025

Президент Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады

9 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында Ұйғыр аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті

9 Қыркүйек, 2025

Хазірет ауылына көгілдір отын жетті

9 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.