Париж Олимпиадасының бокс бәсекесінде 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Назым Қызайбай бірінші кездесуін өткізді.
Франция астанасы – Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының бокс бәсекесінде қазақстандық спортшы Назым Қызайбай 1/16 финалдық кезеңдегі кездесуін өткізді. Бірінші кезеңде қазақстандық боксшы 2022 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, италиялық Джордана Соррентиномен шеберлік байқасты. Бұл жекпе-жекте Назым Қызайбай төрешілердің бірыңғай шешімімен (29:28, 29:28: 30:27, 30:27, 28:29) жеңіске жетті.
Назым Қызайбай 1 тамызда 1/8 финалдық кезең аясында бразилиялық боксшы Барбоса де Альмейдамен жұдырықтасады.