«Қайраттың» 18 жастағы қақпашысы Шерхан Калмұрза ойыннан кейін әскерге шақыру қағазын алған.
Алматылық «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысы Шерхан Калмұрза, мадридтік «Реалға» қарсы ойында жанкүйерлер назарын өзіне аударғаннан кейін күтпеген «сый» алды – ол әскерге шақыру қағазын қолына тигізді, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
БАҚ дерегінше, әскери комиссариат өкілдері шақыруды матч басталмай тұрып табыстауға тырысқан, алайда билеті болмағандықтан оларды Орталық стадион аумағына кіргізбеген. Ал ойыннан кейін (нәтижесінде «Қайрат» 0:5 есебімен ұтылды) қағаз ресми түрде қақпашыға берілді.
Куртуа пікір білдірді
Ойынның ірі есеппен аяқталуына қарамастан, «Реал» қақпашысы Тибо Куртуа Instagram-да Шерханды «болашақтағы №1 қақпашы» деп атап өтті.
Қазақстанда жас ойыншы қазірдің өзінде жанкүйерлер арасында «сезонның басты трансфері» – қақпадан әскер қатарына кетті деген әзілдің нысанына айналып үлгерді.