Әзербайжанның Евлах ауданының тұрғыны немересінің қайтыс болғанын біліп, өз өмірін қиды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
1news.az-дың хабарлауынша, 23 қаңтарда Мингячавр қаласында 15 жастағы Амиль Рзаев ВАЗ 2107 автокөлігімен соқтығысып, ауыр жарақат алды.
Жасөспірім Мингечаур қалалық ауруханасына ауыр халде жеткізілгенімен, комадан шықпай, 30 қаңтар күні шамамен 14:00-де қайтыс болды.
Немересінің өлімін естіген 1961 жылғы Лалаханым Рзаева уксус ішіп, өз өмірін қиды. Өкінішке қарай, оның өмірін құтқарып қалу мүмкін болмады.
Екі өлім жағдайы да тергеліп жатыр.