Черногорияның Подгорица қаласында «НеМолчи.kz» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі ұсталды. Бұл туралы ақпарат қордың Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Todayinfo.
Бейнеүндеу арқылы мәлімдеме жасаған белсенді жергілікті полиция бөлімшесінде отырғанын айтты. Сондай-ақ, ертең сот отырысы өтіп, онда оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қаралатынын хабарланды.
Еске салайық, Дина Таңсәрі 2021 жылдан бастап шетелде тұрып жатыр. 2023 жылдың соңында оған Қазақстан халықаралық іздеу жариялады.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Таңсәрі көрінеу жалған ақпарат тарату, жеке өмірге қолсұғушылық және алаяқтық фактілері бойынша күдікке ілінген.
Фото:@dinatansari