Фото: Караван
Шымкентте 19 жастағы 2-топ мүгедегі болған азаматты аяусыз өлтіру оқиғасы қоғамда үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды Todayinfo.
Бұл туралы журналист, тележүргізуші Руслан Өтепбай Instagram парақшасында хабарлады.
Жәбірленушіні ауыл бұзақылары адам аяғы баспайтын жерге апарып, 14 жерінен пышақтап, қинап өлтірген. Қанды оқиға 20 ақпан күні орын алған. Марқұмның денесі тек 22 ақпанда ауыл шопанының көмегімен табылған.
Ең сорақысы – қылмысқа күдіктілер марқұмға 280 мың теңге несие алдырған. Күдіктілердің бірі әскери қызметкер екені анықталды.
Қайғыдан қан жұтқан ана баласының алдау арқылы қылмыс орнына жеткізілгенін айтып отыр:
«Ұлымды өзінен 4-5 жас үлкендер ішімдік пен есірткі қолданып, қатыгездікпен өлтірген. 14 жерден пышақтап, жүрегінен, маңдайынан ұрып, айдалаға тастап кеткен. Ал өздері ештеңе болмағандай көңіл көтеріп жүрген. Балама займ мен кредиттер алдырған. Кешкі жеті жарымда ‘займыңды төлеп береміз’ деп, оны көлікке отырғызып алып кеткен», – дейді марқұмның анасы.
Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қоғам әділ тергеу жүргізіліп, кінәлілердің тиісті жазасын алуын талап етуде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram