Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Соққы жеген Иран, қыспақта қалған Үндістан: Қытайдың Тян жин қаласында ШЫҰ саммиті басталды

1 сентября, 2025

«Қырымбек Көшербаев, Гүлшара Әбдіхалықова»: Ескі Қазақстанның ардагер шенеуніктері тойға жиналды (ВИДЕО)

1 сентября, 2025

«Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті

31 Тамыз, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Соққы жеген Иран, қыспақта қалған Үндістан: Қытайдың Тян жин қаласында ШЫҰ саммиті басталды
  • «Қырымбек Көшербаев, Гүлшара Әбдіхалықова»: Ескі Қазақстанның ардагер шенеуніктері тойға жиналды (ВИДЕО)
  • «Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті
  • «Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті
  • ШЫҰ саммиті: Тоқаев қатысушыларға арналған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысады
  • «Жанқош пен Клараны атып кетем»: елді әлекке салған Әнарудың әкесі ауыр қылмыс жасамақ болған
  • Жанжал жан қиюға жеткізді: Алматы облысында сұлу келіншек өлі күйінде табылды
  • «Кайрат» билеттерге қатысты қазақстандықтарға ресми үндеу жасады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 сентября
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Нұралхан Көшеров БАҚ өкілдеріне құрмет көрсетті

Нұралхан Көшеров БАҚ өкілдеріне құрмет көрсетті

29 Маусым, 2025 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Түркістан облысындағы «Eco Village Kaskasu» демалыс аймағында салтанатты іс-шара өтті. Оған аймақтың ардагер журналистері, еңбегімен дараланып жүрген үздік БАҚ өкілдері шақырылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Салтанатты, шабытты мерекеге Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, журналистерді құттықтады.

– Сіздерді Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттің дамуы үшін ақпарат құралдарының маңызы айрықша. Халық пен билік арасындағы «алтын көпірге» айналған БАҚ өкілдері қашанда құрметке лайық. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Журналистерге айрықша сенім мен зор жауапкершілік жүктеледі. Журналистің ағартушылық миссиясы алдыңғы қатарға шықты. Кез келген ақпаратты мұқият елеп-екшеп, жұртқа дұрыс жол көрсету өте маңызды» деген болатын. Осы сенімді ақтап, Мемлекет басшысының реформаларын жүзеге асыруға қосқан үлестеріңіз үшін сіздерге зор алғысымды білдіремін.  Биыл облыс орталығының Түркістанға көшірілгеніне 7 жыл толды. Қысқа уақыт ішінде өңір үлкен өзгерістер мен даму жолынан өтті. Бұл өзгерістерге журналистер үлкен үлес қосты. Кәсіби  ұстанымға адал болып, шынайы ақпарат таратып жүрген БАҚ өкілдеріне алғысым мол. Қаламдарыңыз қуатты, еңбектеріңіз жемісті болсын! Отбасыларыңызға бақ-береке және сіздерге шығармашылық табыстар тілеймін! – деді Нұралхан Көшеров.

Мерекелік іс-шарада ақпарат саласында жемісті еңбек етіп жүрген БАҚ өкілдері марапатталды. Атап айтқанда, журналистика саласының үздіктеріне «Құрмет»  ордені,  «Ерен еңбегі үшін»  медалі,  «Ақпарат саласының үздігі»  төсбелгісі,  ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты тапсырылды. Сонымен бірге Түркістан облысы әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты, «AMANAT» партиясының облыстық филиалы төрағасының Алғыс хаты да өз иелерін тапты.

Мерейлі кеште облыстың өнер ұжымдары мен талантты әншілері өнер көрсетіп,  мерекенің сәнін келтіре түсті.

Оқылып жатыр

Түркістан облысындағы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес компанияларында 113 студент дуалды оқытудан өтеді

Түркістан облысы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасында ынтымақтастық меморандумы жасалды

Түркістан облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 16 мектеп пайдалануға беріледі

Түркістандағы спорт, мәдениет нысандарының жай-күйі сараланды

Түркістан облысында 100 мектеп жөндеуден өткізіліп жатыр

92 қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді

Соңғы жазбалар

Соққы жеген Иран, қыспақта қалған Үндістан: Қытайдың Тян жин қаласында ШЫҰ саммиті басталды

1 сентября, 2025

«Қырымбек Көшербаев, Гүлшара Әбдіхалықова»: Ескі Қазақстанның ардагер шенеуніктері тойға жиналды (ВИДЕО)

1 сентября, 2025

«Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті

31 Тамыз, 2025

«Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті

31 Тамыз, 2025

ШЫҰ саммиті: Тоқаев қатысушыларға арналған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысады

31 Тамыз, 2025

«Жанқош пен Клараны атып кетем»: елді әлекке салған Әнарудың әкесі ауыр қылмыс жасамақ болған

31 Тамыз, 2025

Жанжал жан қиюға жеткізді: Алматы облысында сұлу келіншек өлі күйінде табылды

31 Тамыз, 2025

«Кайрат» билеттерге қатысты қазақстандықтарға ресми үндеу жасады

31 Тамыз, 2025

Қытайлық БАҚ Тоқаев пен Си Цзиньпиннің кездесуі туралы: сенім, символизм мен жаңа келісімдер

31 Тамыз, 2025

Түркістан – Ұлы Даланың Рухани Жүрегі

31 Тамыз, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.