Фото: stan.kz
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ұлымның әкесі екенін мойындамай жүр деген бұрынғы мәслихат депутаты Ынташ Наурызова ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевқа үндеу жолдады, деп жазды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
«Менің баламның және менің тарапыма көптеген буллинг жасалып, түрлі қиыншылықтарға ұшыраған болатынбыз. Ол буллинг әлі де жалғасуда» деген Ынташ енді өзіне ықпалды адамдармен байланысы бар блогердің «шантаж» жасағанын айтты.
«Олар қоғамдағы орынын және құқық қорғау орындары мен әкімшіліктің тарапынан қолдауын асыра пайдаланып, адамдардың өмірін ойыншыққа айналдыруда. Сондықтан арнайы комиисия жіберіп, осы мәселені тексеруіңізді сұраймын», – деді Наурызова.

