Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

«Таңертең мас күйде, отырдым таксиге..»: Ұлықпан Жолдасов талғамы төмен Садраддинге шүйлікті (ВИДЕО)

22 Маусым, 2025

Мектеп бітірген қыз әкесінің бейітіне барып, қызыл аттестатын көрсетті

22 Маусым, 2025

«Байдан-байға тиіп, бала туып»: Мөлдір Әуелбекова өзін кіналаған оқырман хатын жариялады

22 Маусым, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Таңертең мас күйде, отырдым таксиге..»: Ұлықпан Жолдасов талғамы төмен Садраддинге шүйлікті (ВИДЕО)
  • Мектеп бітірген қыз әкесінің бейітіне барып, қызыл аттестатын көрсетті
  • «Байдан-байға тиіп, бала туып»: Мөлдір Әуелбекова өзін кіналаған оқырман хатын жариялады
  • 5 адам қаза тапты: Алматыдағы сұмдық жол апатының видеосы тарады
  • «Иран бейбіт келісімге келуі керек»: Трамп шабуылдан кейін үндеу жасады
  • Дональд Трамп мақтана әскерлерін құттықтады: АҚШ-тың жойғыш ұшақтары Иранның 3 қаласын бомбалады
  • «Таза қала – ортақ міндет» атты сенбілік өтті
  • 22 адам отырған әуе шары аспанда жанып кетті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 22 Маусым
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Нұрғиса Тілендиевтің зайыбы ел білмейтін құпиясын ашты

Нұрғиса Тілендиевтің зайыбы ел білмейтін құпиясын ашты

21 Маусым, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Аты аңызға айналған күйші, дирижер, композитор, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің өнері дүйім жұртқа мәлім, ал өмір жолында түрлі сынақты бастан өткерген. Ұлы музыканттың жанұясындағы ешкімге айтылмаған сыры мен ұзақ жылдар бойы жасырған құпиясын жұбайы Дарияға Тілендікеліні алғаш рет айтты, деп хабарлайды Todayinfo Stan.kz — ке сілтеме жасай отырып. 

Нұрғиса Тілендиев пен Дариға Тілендікеліні 1967 жылы Алматыдағы киностудияда танысқан екен. Сол сәтте 42 жастағы аты әйгілі музыкант 19 жастағы өрімдей қызды бірден ұнатып, сезімін білдірген. Көпшілікке танымал «Куә бол» әні – композитордың сүйген жарына арнаған ең алғашқы туындысы.

Біз киностудияда жұмыс істеп жүрген кезде Ленинградтан өнер адамдары Қазақстанға келетін болды. Соған біз дайындалдық, келген соң Медеудің басында күттік. Содан кейін бәрі үйіне қайтып кетті. Тек мен және Нұрғиса аға жүр. Ол уақытта мен ол кісіні «аға» деймін. Сөйтсек Нұраға оны өзі бәрімен ақылдасып, осылай жоспарлапты. Менімен сол күні жақынырақ танысып, қасымда болу үшін солай жоспар құрған. Оны мен кейін естідім. Сол түні ай жап-жарық, жұлдыздар жымыңдап тұр. Түнгі сағат 2-3-тің кезі. Сарылдап өзен ағып жатыр. Сол кезде Нұраға аспанға қарап әуен шығарды. Ол әуен «Куә бол» әні еді.

«Қарындасым, мен осы әнді саған арнаймын» деді. Мен таңғалып қалдым. Содан бір жылдан кейін Нұрағаң екеуміз үйлендік. Сол тарихты Тұманбай Молдағалиевке суреттеп айтып бердік. Ол кісі басқа бөлмеге кіріп кетті де, 5-10 минуттың ішінде сөзін жазып шықты. Содан кейін біздің жұбымыз жазылған жоқ. Мені сүйген бірінші адам – Нұрағаң. Біраз жас айырмашылығы бар. Оған қараған жоқпыз», – дейді Дариға Тілендікеліні.

Нұрғиса Тілендиевтің дүркіреп өткен үйлену тойында сол кезеңдегі қазақ өнерінің дүлдүл майталмандарының бәрі болған екен. Алайда ерлі-зайыптының отбасылық өмірінде ерекше естеліктер де бар, сынаққа толы сәттер де жоқ емес. Олар ұзақ уақыт сәби күткен.

Иә, біз сәбиді ұзақ күттік, біраз ем де алдық. Данияр деген баланы асырап алдық. Ол Нұрағаңның туысқан қарындасынан туған. Ол қарындасы күйеуімен ажырасып кетті де, үш айлығында мен сол баланы бауырыма бастым. Данияр 1976 жылы туған бала. Мен оны емізіп едім, мейірленгенім соншалық менің омырауымнан сүт шығып кетті. Данияр ұлым 9 жасқа толғанда 1985 жылы Динара қызым дүниеге келді. 39 жасымда Динара қызымды өзім тудым ғой. Нұраға Динара өмірге келгенде қатты қуанды. Данияр балам өте әппақ, маған ұқсайтын. Ал 25 жасында Данияр баламнан айырылып қалдым, жүрегі тоқтап қалды, – дейді композитордың жұбайы.

Сондай-ақ Нұрғиса Тілендиевтің қазасы бұл отбасы үшін оңай болған жоқ. 1998 жылы қазақтың маңдайына біткен атақты күйші өмірден озған еді. Дариға әже сол бір қиын сәтті де еске алды.

«Мен Нұраға жазылып кетеді деп ойладым. Ауруханада бес ай жатты. Сол кезде «Халық қаһарманы» атағын президент Назарбаев келіп кеудесіне тақты. Содан бір жарым ай өткен соң Нұраға қайтыс болды. Оның алдында «Дариға, жағдай өте қиын. Есіңде болсын, егер де бір жағдай болса, біздің қазіргі отырған пәтеріміз мұражай болуы керек» деді. Сол сөзін мен басыма мықтап сақтап алдым. 2014 жылы сол үйді музейге тапсырдық. Ол кезде Алматының әкімі Ахметжан Есімов еді. Нұрағаның сырқаты – бауыр ауруы. Жарықтық сол бауырдан кетті ғой. Тамақ ішпеді. Өнер адамдарының бәрі Нұрағаңның қасында болды. Оркестрдегі балалары ауруханада кезекшілікке тұрып, Нұрағаның аяқ-қолын уқалап, қасында отырды. Өте қиын жағдай болды», – дейді Тілендиевтің музасы.

Бүгінде Дариға Тілендікеліні Алматы қаласында тұрады. Ол кісінің ендігі арманы – қызы Динара мен немересі Даянаның қызығын көру.

Дереккөз: Халық үні

ашты білмейтін Ел зайыбы Нұрғиса Тілендиевтің құпиясын

Оқылып жатыр

5 адам қаза тапты: Алматыдағы сұмдық жол апатының видеосы тарады

«Иран бейбіт келісімге келуі керек»: Трамп шабуылдан кейін үндеу жасады

22 адам отырған әуе шары аспанда жанып кетті

Қайрат Боранбаевтың ағасы түрмеге отырмайтын болды

24 жастағы қыз пластикалық операциядан кейін қайтыс болған

Астанада ер адам көпірден секірмек болды

Соңғы жазбалар

«Таңертең мас күйде, отырдым таксиге..»: Ұлықпан Жолдасов талғамы төмен Садраддинге шүйлікті (ВИДЕО)

22 Маусым, 2025

Мектеп бітірген қыз әкесінің бейітіне барып, қызыл аттестатын көрсетті

22 Маусым, 2025

«Байдан-байға тиіп, бала туып»: Мөлдір Әуелбекова өзін кіналаған оқырман хатын жариялады

22 Маусым, 2025

5 адам қаза тапты: Алматыдағы сұмдық жол апатының видеосы тарады

22 Маусым, 2025

«Иран бейбіт келісімге келуі керек»: Трамп шабуылдан кейін үндеу жасады

22 Маусым, 2025

Дональд Трамп мақтана әскерлерін құттықтады: АҚШ-тың жойғыш ұшақтары Иранның 3 қаласын бомбалады

22 Маусым, 2025

«Таза қала – ортақ міндет» атты сенбілік өтті

21 Маусым, 2025

22 адам отырған әуе шары аспанда жанып кетті

21 Маусым, 2025

Қайрат Боранбаевтың ағасы түрмеге отырмайтын болды

21 Маусым, 2025

Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Бас мешітке барды

21 Маусым, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.