Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

«Қатты өкінемін»: Қазақтарды «мамбетке» теңеген блогер үкім алдында жылап жіберді

3 Қараша, 2025

Қазақ жазушысы Қытайдың мемлекеттік сыйлығын алды

3 Қараша, 2025

«Ешкімді блоктамадым»: Тұрсынбек Қабатов экс-әйелінің сұқбатына жауап берді

3 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Қатты өкінемін»: Қазақтарды «мамбетке» теңеген блогер үкім алдында жылап жіберді
  • Қазақ жазушысы Қытайдың мемлекеттік сыйлығын алды
  • «Ешкімді блоктамадым»: Тұрсынбек Қабатов экс-әйелінің сұқбатына жауап берді
  • Батырхан Шүкеновтің жалғыз ұлы алғаш рет әкесі туралы естеліктерімен бөлісті
  • «Таза Өскемен» мекемесінің экс-басшылары 120 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
  • «Он төрт жыл үмітімді үзбей келдім»: Мөлдір Мұқан Тұрсынбекпен ажырасуға өзі бірінші ажырасуға арыз берген
  • Жамбыл облысы инвестиция тарту бойынша республикада үздік үштікте
  • Алматының Бостандық ауданының әкімі болып Азамат Қалдыбеков тағайындалды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 3 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Нұрлан Нығматулиннің ұлы рейдерлік іске байланысты тергелуде. Ол туралы не білеміз

Нұрлан Нығматулиннің ұлы рейдерлік іске байланысты тергелуде. Ол туралы не білеміз

16 апреля, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қаржылық мониторинг агенттігі бұрынғы Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұржан Нұрлановқа қатысты іс бойынша кейбір мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

Бұған дейін БАҚ беттерінде Нұржан Нұрлановқа қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқаны туралы ақпарат тараған еді. Ішкі істер министрлігі журналистердің сауалына Алматы полициясының аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы («Өз бетімен билік ету») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын.

Аталған бап бойынша ең төменгі жаза – 80 АЕК (2025 жылы 314 560 теңге) көлемінде айыппұл, ең жоғары жаза – қылмыстың ауырлығына қарай 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Кейінірек Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Койгелдиев Нұрлановқа қатысты полицияға өтініштер түскенін, қазіргі уақытта бұл арыздар қарастырылып жатқанын айтқан. Оның қазіргі статусы нақты айтылған жоқ. Ал БАҚ-та оның күдікті статусында емес екені жайлы мәлімет тарады.

Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) хабарлауынша, істі Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті қарауда. Агенттік Tengrinews.kz-ке берген ресми жауабында, бұл іс рейдерлік (ҚР ҚК 249-бабы) бойынша тергеліп жатқанын мәлімдеді.

Нуржан Нурланов

Рейдерлік үшін Қазақстанда белгіленген жаза – ең төменгісі 5 мың АЕК (19,6 млн теңге) көлемінде айыппұл, ал ең жоғарғысы – қылмыстың ауырлығына қарай 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Нұржан Нұрланов 1988 жылдың 10 мамырында дүниеге келген (36 жаста). Ол Лондонда American InterContinental University университетінде «бизнес-әкімшілік» мамандығын тәмамдаған, кейіннен Уэльс университетінің магистратурасын аяқтаған.

Еңбек жолын 2011 жылы KAZNEX INVEST ұлттық агенттігінде менеджер болып бастаған. Кейін премьер-министр кеңсесінде сарапшы, «ҚазТрансГаз Аймақ», «ҚазТрансГаз» компанияларында басшылық қызметтерін атқарған. Сонымен қатар, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінде басқарушы директор болған.

2019-2022 жылдары «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-нің бас директоры қызметін атқарды. Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз», «ҚазРосГаз», «Амангелді Газ», «Бәйтерек девелопмент» сияқты компаниялардың директорлар кеңесінің мүшесі болған.

Нұрлан Нығматулин – 2016 жылдың маусымынан 2022 жылдың ақпанына дейін Мәжілістің төрағасы қызметін атқарған.

Арғын Нығматулинге қатысты тергеу

Ал Нұржанның ағасы Арғын Нығматулинге қарсы нақты қылмыстық іс қозғалған.

Бас прокуратураның хабарлауынша, Арғын Нығматулин және басқа да тұлғаларға қатысты ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Арғын Нығматулин қамауға алынған және іздеу жарияланған.

Оған қатысты істің мәні Қарағанды облысында хоккейді дамытуға бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырумен байланысты болып отыр. Іздеу ісі 2025 жылдың 3 наурызында тіркелген. Арғын Нығматулин 2007-2018 жылдары «Сарыарқа» хоккей клубының директоры болған.

 

Оқылып жатыр

«Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді

«Әскерден гөрі түрме қауіпсіз»: Армия беделі дағдарысқа ұшырады ма?

Ұлы бағыттың өзгеруі: Қазақстан, Орта дәліз және Еуразияның жаңа геосаяси картасы

Табыс пен мүлік декларациясы (270.00 форма): Енді кімдер тапсыруға міндетті?

Путин ЕАЭО-ның күшін жоя ма? № 778 жарлық «контрабандистерге» қалай жол ашады?

«КазРосГаз» «Газпромға» арзан газ сата ма? Компания енді Қазақстанға да СУГ жеткізуді жоспарлап отыр

Соңғы жазбалар

«Қатты өкінемін»: Қазақтарды «мамбетке» теңеген блогер үкім алдында жылап жіберді

3 Қараша, 2025

Қазақ жазушысы Қытайдың мемлекеттік сыйлығын алды

3 Қараша, 2025

«Ешкімді блоктамадым»: Тұрсынбек Қабатов экс-әйелінің сұқбатына жауап берді

3 Қараша, 2025

Батырхан Шүкеновтің жалғыз ұлы алғаш рет әкесі туралы естеліктерімен бөлісті

3 Қараша, 2025

«Таза Өскемен» мекемесінің экс-басшылары 120 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

3 Қараша, 2025

«Он төрт жыл үмітімді үзбей келдім»: Мөлдір Мұқан Тұрсынбекпен ажырасуға өзі бірінші ажырасуға арыз берген

3 Қараша, 2025

Жамбыл облысы инвестиция тарту бойынша республикада үздік үштікте

3 Қараша, 2025

Алматының Бостандық ауданының әкімі болып Азамат Қалдыбеков тағайындалды

3 Қараша, 2025

Жамбыл облысының әкімдігі 272 млн доллардың инвестициялық келісімдеріне қол қойды

3 Қараша, 2025

«Ресми түрде ажырастық»: Мөлдір Мұқанова көңілдесіне кеткен күйеуіне бола ұзақ уақыт балалары мен туыстарын алдаған

3 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.