Фото: kremlin.ru
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді. Кездесу туралы ақпарат 13 желтоқсанда 22:00де жарияланған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.
Өзге деректер жария етілмеді.
«Ново-Огаревте Владимир Путин мен Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев кездесу өткізді», – делінген Кремльдің сайтында.
Кездесу туралы ақпарат және фотосуреттер Кремльдің ресми сайтында жарияланды. Алайда, кездесудің мазмұны мен талқыланған мәселелер жөнінде қосымша ақпарат берілген жоқ.