Танымал нумеролог Гүлжан Ким актер Жаһан Отарғалиевтің өмір жолына қатысты болжам жасады. Ол актердің бірнеше рет үйленуінің себептерін түсіндіріп, оның тағдырында белгілі бір «кармалық» әсерлер бар екенін айтты,деп жазады Todayinfo ақпараттық порталы.
«Жахан өмірде көп сынақтан өтеді»
Нумерологтың айтуынша, актер өмірінде бірқатар қиындықтарды бастан кешіреді, себебі оның әкесі жағынан «тектік карма» бар. Бұл дегеніміз – ата-бабаларының өміріндегі белгілі бір қателіктердің оның тағдырына әсер етуі.
«Ол бірнеше рет үйленуі мүмкін»
Гүлжан Ким «1» саны тек бір рет кездесетін адамдар өмірінде 2-3 рет үйленуі ықтимал екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол бұрынғы өмірінде «құрбан» болған, яғни анасына немесе әйеліне материалдық тұрғыда тәуелділік сезінген. Қазіргі өмірде ол мұндай тәуелділіктен құтылуы тиіс.
«Жалғыз қалмау үшін өзіне лайық жанды табуы керек»
Нумерологтың пайымдауынша, актер шын түсіністік пен қолдау көрсете алатын әйелді кездестірсе, жеке өмірінде тұрақтылыққа қол жеткізе алады. Егер олай болмаса, қайта-қайта үйленіп, жеке өмірінде тұрақсыздық жалғаса беруі мүмкін.
«Ол қамқорлық көрсете алады»
Актердің екі «бестік» және екі «сегіздік» саны бар, бұл оның айналасына қамқорлық таныта алатынын көрсетеді. Сондықтан екі баласы бар әйелмен отау құрса, оның отбасылық өмірі үйлесімді болмақ.
«Адамдарға көп сенбеңіз»
Нумерологтың сөзінше, актер адамдарға тым сенгіш, ал айналасында оны пайдаланып кетуге бейім жандар бар. Сондықтан өзіне сенімді болып, өмірлік шешімдерді саналы түрде қабылдауға кеңес берді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram