Елде қос палаталы парламент болмайды. Президент Сенатты таратуды ұсынды. Ауқымды саяси реформа туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.
Бұл жаңалық туралы ойын бөліскен ғалым, философ Досай Кенжетай:
«Негізі унитарлы мемлекет үшін сенат о бастан артық еді… 130 ұлт тұрамыз дегенді спекулятивті саяси ойындармен желеу еттік… тағы бірнеше сылтаумен бір айда құрғанбыз. Ал жою үшін бір жыл керек… бұл не? Оған референдум керегі жоқ. Себебі ме? О баста халықтан сенат керек пе деп сұраған билік болған емес… Бірақ Қ. К. Тоқаев таза демократиялық принцип ұстанып отыр. Қолдайық!!!» деді.