Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Todayinfo.
Алматы облысында ауыс-түйіс жиіледі. Жақында Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған еді
Ғани Майлыбаев 1987 жылы 10 қыркүйекте дүниеге келген. Ол Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Қос дипломды жігіт бірден лауазымды қызметке жайғасқан.
- 2008 жылы Nur Otan партиясының Алматыдағы Бостандық аудандық филиалының бас бухгалтері қызметінен бастаған.
- Түрлі жылдары партияның Алатау аудандық филиалында заң кеңесшісі, кеңесші болып жұмыс істеді.
- 2014-2015 жылдары Nur Otan партиясы Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды.
- 2015-2019 жылдары Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
- 2019-2020 жылдары Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары болды.
- 2020 жылға дейін ол Жамбыл облысы әкімдігі туризм басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
Алматы қаласы Мәдениет басқармасындағы жемқорлық фактлеріне қатысты тексерулер мен шулы жағдайлар Майлыбаевты айналып өтті.
Фото: gov.kz

