Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Миллионердің қызы»: Алматыда даяшыға кір табанын тазалатқан бойжеткеннің әрекеті қызу талқыланып жатыр

17 Қыркүйек, 2025

«Ақын ұялғаннан жерге кіріп кете жаздады»: 9 мың сом қаламақы алған Мұғағалидың жағасына әйелі Лашын жармаса кеткен

17 Қыркүйек, 2025

Атырау облысында 104,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

17 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Миллионердің қызы»: Алматыда даяшыға кір табанын тазалатқан бойжеткеннің әрекеті қызу талқыланып жатыр
  • «Ақын ұялғаннан жерге кіріп кете жаздады»: 9 мың сом қаламақы алған Мұғағалидың жағасына әйелі Лашын жармаса кеткен
  • Атырау облысында 104,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды
  • Ақтөбеде 93 ірі өнеркәсіп жобасы жүзеге асырылуда
  • Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды
  • «Головкиннің ықпалы бар»: Қазақстандық спортшылардың тарихи жеңісін шетелдік БАҚ сынға алды
  • «Жұмысшы мамандықтары жылы»: Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде қандай жұмыстар атқарылуда?
  • «Бұл дұрыс емес»: Депутат Бақытжан Базарбек зейнетақыдан тіс емдеуге тыйым салуға қарсы шықты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 18 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Өңірлік өнім 46 пайызға өскен»: Дархан Сатыбалды Созақ ауданындағы кәсіпкерлік саласын дамыту жобаларын айтты

«Өңірлік өнім 46 пайызға өскен»: Дархан Сатыбалды Созақ ауданындағы кәсіпкерлік саласын дамыту жобаларын айтты

18 Шілде, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Түркістан облысының Созақ ауданында кәсіпкерлік саласы жақсы жолға қойsлған. Жергілікті өнім көлемі 46 пайызға өскен және жұмыс ары қарайда жалғасын табады. Аудандағы 210 жоба қаржыландырылған, деп хабарлайды Todayinfoақпараттық агенттігі. 
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс кестесіне сәйкес, Созақ ауданы тұрғындарымен кездесті. Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Сонымен бірге өңірдің дамуы, Созақ ауданының дамуы жөнінде ой қозғады.
– Біздің бағытымыз – өндірісті дамыту. Өзімізге қажетті заттарды өз өңірімізде өндіруіміз керек. Әрбір аудан, қала әкіміне инвестиция тартып, өндіріс орындарын ашу туралы тапсырма берілді. Бұл жұмыстар қадағаланады. Ауыл инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Ауыл – ел бесігі» жобасы жүзеге асырылуда. Былтыр осы жоба арқылы Созақтағы 7 елді мекенде 14 жоба жүзеге асты. Спорт кешені салынып, 20-ға жуық көше орташа жөндеуден өткізілді. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 210 жоба қаржыландырылды. Оған 1,2 млрд. теңге қаралды. Созақ ауданында өңірлік өнім көлемі 2021 ден бері 46 пайызға өсіп, былтыр 665 миллиард 342 миллион теңге жетті. Жұмыс қарқыны бәсеңдемейді, – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Кездесуде аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков ауданда атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Есепті кезеңде аудан экономикасына 118 млрд. 495 млн. теңге инвестиция тартылды. «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру үшін Шолаққорған, Созақ, Құмкент, Жартытөбе ауылдық округтері қатысқан.

«Аталған ауылдық округтерден ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылып, жеңілдетілген несиемен қамтылып, олар 88 млн. 850 мың теңгеге ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды. «Шолаққорған ауылының «Ақшам» және «Наурыз» мөлтек аудандарын ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысы» жобасына қаржы бөлініп, 2023 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген. Ауданда газбен, электр қуатымен қамту, әлеуметтік нысандар салу жұмысы жалғасып жатыр», -деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Жиында облыс әкімі аудан басшысы мен басқарма басшыларына бірқатар міндет жүктеп, ауданды дамыту жұмысын ширата түсуді тапсырды. Ал тұрғындар облыс әкіміне өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, өзекті мәселелерді қозғады. Одан кейін Дархан Сатыбалды тұрғындарды жеке қабылдап, өтініштерін тыңдады. Кездесу мен жеке қабылдауда көтерілген мәселелер бойынша тиісті жұмыс жүргізіледі.

Оқылып жатыр

Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды

«Жұмысшы мамандықтары жылы»: Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде қандай жұмыстар атқарылуда?

Ақмола облысында «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының жеңімпаздары анықталды

Алматы облысының әкімі қоқыс полигонындағы өрт орнына барды

Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті

Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар

Соңғы жазбалар

«Миллионердің қызы»: Алматыда даяшыға кір табанын тазалатқан бойжеткеннің әрекеті қызу талқыланып жатыр

17 Қыркүйек, 2025

«Ақын ұялғаннан жерге кіріп кете жаздады»: 9 мың сом қаламақы алған Мұғағалидың жағасына әйелі Лашын жармаса кеткен

17 Қыркүйек, 2025

Атырау облысында 104,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

17 Қыркүйек, 2025

Ақтөбеде 93 ірі өнеркәсіп жобасы жүзеге асырылуда

17 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды

17 Қыркүйек, 2025

«Головкиннің ықпалы бар»: Қазақстандық спортшылардың тарихи жеңісін шетелдік БАҚ сынға алды

17 Қыркүйек, 2025

«Жұмысшы мамандықтары жылы»: Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде қандай жұмыстар атқарылуда?

17 Қыркүйек, 2025

«Бұл дұрыс емес»: Депутат Бақытжан Базарбек зейнетақыдан тіс емдеуге тыйым салуға қарсы шықты

17 Қыркүйек, 2025

«Шымкенттің бокс стилі бөлек қой!»: Бокстан әлем чемпиондары Руслан Берденовке ерекше алғыс білдірді

17 Қыркүйек, 2025

«Анасы қонақ күтіп жүрген»: Абай облысында қызуы көтерілген бес айлық сәби көз жұмды

17 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.