Фото: pinterest.com
Қалада 4 желтоқсаннан бері жел соқпай, көшелерді түтін басып тұр. Қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасқандықтан тұрғындарға далада ұзақ жүрмей, пәтердегі терезелер мен желдеткіштерді жауып, қайнатылған, тазартылған немесе газсыз минералды су мен шәйді жиі ішу ұсынылған.
«Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, ҚМЖ ертең де созылады. Нақты айтқанда, 6 желтоқсан сағат 20.00-ге дейін екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оның ішінде Өскеменде тұман түседі деп болжанған.
Еске салсақ, осыған дейін желтоқсан айының соңында Өскеменде бірнеше күн бойы қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасқаны хабарланған.