Өскемен қаласында көпқабатты үй өртеніп, тұрғындар шұғыл эвакуацияланды, деп хабарлайды Todayinfo.
Өрт сөндіру қызметі тұрғындарды құтқару үшін дереу әрекет еткен. Баспалдақ арқылы жеті тұрғын, оның ішінде екі бала қауіпсіз жерге көшірілген. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар тіркелмеді.
«Өрт көпқабатты тұрғын үйдің жетінші қабатындағы пәтердің балконында шыққан. Жалынның жалпы аумағы 4 шаршы метрді құраған. Оқиға орнына шұғыл түрде өрт сөндірушілер жетті», — деліген ҚР ТЖМ таратқан хабарламада.
Төтенше жағдайлар қызметкерлері өртті жылдам сөндіріп, жағдайды бақылауға алды.