Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Өскеменде мүгедек балалары бар әйел өртенген үйді пана етіп жүр

17 Қыркүйек, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Өскеменде өрттен кейін қабырғасы ғана қалған үйде 60 жастағы әйел мүгедектігі бар балаларымен тұруға мәжбүр. Жалғыз басты ананы балаларымен қыстан қалай шығатыны алаңдатады. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

60 жастағы Рысқайша Молдаханованың өрттен кейін күл боп қалған үйде тұрып жатқанына бір жылдай уақыт болды. Туа біткен ауытқулары бар балалар өзі жоқта электроплитаға киім түсіріп алған. Үйдің бәрі жанып кетті. Ана екі баласымен қатты зақымдалмаған бір бөлмені паналап отыр. Әйелдің айтуынша, ұлдары 19, 20 жасқа келсе де, өз бетінше тамақтанып, жүріп-тұра алмайды. Әйел өзінің де мүгедектігі барын жасырмады.

“Қалалық әкімдікке де, облыстық әкімдікке де бірнеше рет бардым. Тіпті, қабылдауда болдым. Жағдайымды, осындай үйде тұратынымды айттым. Көмектесетінін айтты, бірақ әзірше ешқандай нәтиже жоқ”, – дейді Рысқайша Молдаханова.

Бұған дейін азық-түлік сатып, саудамен айналысқан әйел кейінгі үш жылда жұмыс істемейді. Әкімдіктегілер мемлекет тарапынан отбасыға мүгедектік және ерекше балалардың күтіміне қатысты қажет көмек көрсетілгенін атап өтті. Әйелдің өтініштері де қарастырылып жатқанын айтты.

“Бірнеше рет материалдық көмек көрсетілді. Балалардың сырқатына байланысты және  өміріндегі қиын жағдайға байланысты тұрақты жұмыс істей алмайды. Сондай-ақ өрттен кейін мемлекет аясында біржолғы материалдық көмек көрсетілді. Комиссияның шешімімен 250 мың теңге жәрдемақы берілді”, – дейді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ирина Смит.

Қазір отбасының кірісі белгіленген нормадан асып кеткенін алға тартқан әкімдіктегілер отбасының бір реттік және атаулы әлеуметтік көмек ала алмайтынын айтты. Олардың сөзінше, тегін уақытша баспана жоқ. Әйел екі баласымен зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсету орталығында тұруға келіскен еді. Алайда онда ерекше күтімді қажет ететін балаларға жағдай жасалмаған. Ал анасы балаларын мамандандырылған мектеп-интернатқа бергісі келмейді. Ол жанашыр жандардан баспана алуға көмектесуді сұрайды.

балалары бар етіп жүр мүгедек пана үйді әйел өртенген Өскеменде

Оқылып жатыр

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

Соңғы жазбалар

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.