Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді

1 ноября, 2025

Орал қаласында төтенше жағдайлар қызметіне жаңа техникалардың кілттері табысталды

31 Қазан, 2025

Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда

31 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді
  • Орал қаласында төтенше жағдайлар қызметіне жаңа техникалардың кілттері табысталды
  • Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда
  • «Түнде балама, күндіз анама қарап…»: Айнұр Тұрсынбаева ештеңеге үлгермей жүргенін айтты
  • Отбасындағы ойран: Енесін өлтірген келін етінен манты жасап, оны көршілеріне таратқан
  • «Таза Қазақстан»: Жетісудың Көксу ауданында орталық саябақ жаңартылады
  • «Жаза тым жеңіл»: Рудный прокуроры 20 млн теңге пара алғаны үшін 4,5 жылға ғана сотталды
  • Амстердамда Алматы музейінің «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» көрмесі ашылды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 1 ноября
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Өскеменнің өзімшіл прокуроры: қоластындағыларды ұрған Бас прокурор қызметтен шеттетілді

Өскеменнің өзімшіл прокуроры: қоластындағыларды ұрған Бас прокурор қызметтен шеттетілді

16 Қыркүйек, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Өскеменде прокурорлар өзара қырқысып жатыр. Қаланың бас прокурорының үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.

Есеп айырысудың соңы төбелеске ұласқан. Өскеменнің бас прокуроры қол астындағы қызметкерлерін ұрып-соқты деген күдікпен тексерілуде. Ertenmedia сайтының жазуынша,  31 тамыздан 1 қыркүйекке қараған түні, сағат екілер шамасында қалалық прокуратура қызметкерлері шұғыл дабылмен көтерілген.

Төтенше жағдай орын алды деп ойлаған прокурорлар, шұғыл жиналудың себебін басшылықтың өзі ойлап тапқанын кейін білген. Жалған дабылдың ұйымдастырушысы Өскемен қаласының прокуроры Тимур Шақпантаев деген мәлімет тарады.

Шақпантаев прокуратура қызметкерлері Ирков пен Меренбаевты кабинетіне шақырып алған. Әңгіме соңы жанжалға ұласып, бас прокурордың қол жұмсауымен аяқталған көрінеді.

Таңертең жәбірленушілер полицияға шағым түсірген. Осыдан кейін Тимур Шақпантаев қызметінен уақытша шеттетіліп, іс бойынша прокуратураның ішкі қауіпсіздік басқармасы тексеру бастағаны туралы ақпарат пайда болды.

Бейресми дерек бойынша, бас прокурорға қатысты Қылмыстық кодекстің 109-бабы («Ұрып-соғу») бойынша қылмыстық іс қозғалған. ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі бұл ақпаратты растамағанымен, жоққа да шығармады.

«Өскемен қаласының прокурорына қатысты қызметтік тексеру жүріп жатыр. Құқық қорғау қызметі туралы заңға сәйкес, түпкілікті шешім қабылданғанға дейін ол уақытша қызметінен шеттетілді», – деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, осы оқиға бойынша басқа да қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

«Өскемен прокуратурасының өзге де қызметкерлеріне қатысты осыған дейін де қызметтік тексерулер жүргізілген. Кейбір деректер ішінара расталды. Соған сәйкес, бірқатар қызметкер қызметтік этиканы бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – делінген прокуратура мәлімдемесінде.

Оқылып жатыр

«Жаза тым жеңіл»: Рудный прокуроры 20 млн теңге пара алғаны үшін 4,5 жылға ғана сотталды

Алматы облысында 12 жастағы оқушыны зорлады деген күдікпен 17 жастағы жігіт ұсталды

Неге ұшақ терезелері дөңгелек? Қауіпсіздік 5 сыры

Алматыда өткен «Жігер» фестивалі ерекше қажеттілігі бар 1 мыңнан астам қатысушының басын қосты

Таразда қыз ұрлау: Үйленбек болған үш алматылық жігіт үй қамаққа алынды

Шымкентте шенеунік алма бағын салуға бөлінген 430 млн теңге қаражатты қалтасына басқан

Соңғы жазбалар

«Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді

1 ноября, 2025

Орал қаласында төтенше жағдайлар қызметіне жаңа техникалардың кілттері табысталды

31 Қазан, 2025

Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда

31 Қазан, 2025

«Түнде балама, күндіз анама қарап…»: Айнұр Тұрсынбаева ештеңеге үлгермей жүргенін айтты

31 Қазан, 2025

Отбасындағы ойран: Енесін өлтірген келін етінен манты жасап, оны көршілеріне таратқан

31 Қазан, 2025

«Таза Қазақстан»: Жетісудың Көксу ауданында орталық саябақ жаңартылады

31 Қазан, 2025

«Жаза тым жеңіл»: Рудный прокуроры 20 млн теңге пара алғаны үшін 4,5 жылға ғана сотталды

31 Қазан, 2025

Амстердамда Алматы музейінің «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» көрмесі ашылды

31 Қазан, 2025

Алматы облысында 12 жастағы оқушыны зорлады деген күдікпен 17 жастағы жігіт ұсталды

31 Қазан, 2025

Жетісудың Көксу ауданында соңғы үш жылда 46,9 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

31 Қазан, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.

Go to mobile version