Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

«Қатты өкінемін»: Қазақтарды «мамбетке» теңеген блогер үкім алдында жылап жіберді

3 Қараша, 2025

Қазақ жазушысы Қытайдың мемлекеттік сыйлығын алды

3 Қараша, 2025

«Ешкімді блоктамадым»: Тұрсынбек Қабатов экс-әйелінің сұқбатына жауап берді

3 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Қатты өкінемін»: Қазақтарды «мамбетке» теңеген блогер үкім алдында жылап жіберді
  • Қазақ жазушысы Қытайдың мемлекеттік сыйлығын алды
  • «Ешкімді блоктамадым»: Тұрсынбек Қабатов экс-әйелінің сұқбатына жауап берді
  • Батырхан Шүкеновтің жалғыз ұлы алғаш рет әкесі туралы естеліктерімен бөлісті
  • «Таза Өскемен» мекемесінің экс-басшылары 120 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
  • «Он төрт жыл үмітімді үзбей келдім»: Мөлдір Мұқан Тұрсынбекпен ажырасуға өзі бірінші ажырасуға арыз берген
  • Жамбыл облысы инвестиция тарту бойынша республикада үздік үштікте
  • Алматының Бостандық ауданының әкімі болып Азамат Қалдыбеков тағайындалды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 3 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Өзбекстан нарығын Ауған тәліптері жаулай бастады

Өзбекстан нарығын Ауған тәліптері жаулай бастады

16 апреля, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Өзбекстан аумағында жұмыс істейтін шетелдік капиталы бар кәсіпорындар саны бойынша Ауғанстан ел тарихында алғаш рет үздік бестікке енді. Бұл туралы Өзбекстанның Ұлттық статистика комитетінің ресми деректеріне сілтеме жасаған «Podrobno.uz» хабарлады. Сарапшылар мұны Орталық Азиядағы аймақтық экономикалық серіктестік пен Ауғанстан капиталының жаңа белеске көтерілуінің айғағы деп бағалап отыр, деп хабарлайды Todayinfo Inbusiness-ке сілтеме жасап.

 «Ауғанстан – Өзбекстанда жұмыс істейтін, өз бизнесінің капиталы қатысатын қолданыстағы кәсіпорындарының саны бойынша аса ірі 5 елдің қатарынан орын алды. Бұл ақпаратты Ұлттық статистика комитеті жариялаған жаңа ресми деректер куәландырады», – деп хабарлады «Podrobno.uz» жаңалықтар агенттігі.

Атап айтқанда, Өзбекстанда 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша шетелдік капиталы бар жалпы саны 15 739 компания тіркелген.

Соның ішінде 4 031-і – бірлескен кәсіпорындар болса, басым көпшілігі немесе 11 708-і – шетелдік инвесторлардың еншілес компаниялары.

Биылғы наурыз айымен салыстырғанда, оңтүстік көршіміздегі жатжұрттық компаниялардың саны бірден 236-ға өскен. Ай сайын орта есеппен 1,5%-ға көбейіп отырады.

Ұлттық статком хабарлағандай, наурызда елде шетелдік капиталы бар 15 503 кәсіпорын жұмыс істеп тұрған болатын. Оның 4 011-і – бірлескен кәсіпорын, 11 492-сі – таза шетелдік компания болды.

Биылғы наурызда Өзбекстанның инвестор-елдерінің тізімі келесідей қалыптасқан еді:

  • Қытай – 3 576 компания,
  • Ресей – 3 016,
  • Түркия – 1 899,
  • Қазақстан – 1 082,
  • Оңтүстік Корея – 662,
  • БАӘ – 347,
  • Тәжікстан – 329,
  • Үндістан – 316,
  • Америка Құрама Штаттары – 307,
  • Қырғызстан – 303 компания.

Келесі сәуір айында тізім өзгерді. Көшбасшылар төрттігінде – Қытай, Ресей, Түркия, Қазақстан қалды. Бестікті Ауғанстан тұйықтады.

2025 жылғы сәуірдегі Өзбекстанның инвестор елдерінің тізімі келесідей:

  • Қытай (Хитой) – 3 711 компания,
  • Ресей (Россия) – 3 033,
  • Түркия (Туркия) – 1 942,
  • Қазақстан (Қозоғистон) – 1 082,
  • Ауғанстан (Афғонистон) – 672,
  • Оңтүстік Корея (Жанубий Корея) – 663,
  • Біріккен Араб Әмірліктері (БАА) – 352,
  • Тәжікстан (Тожикистон) – 329,
  • Үндістан (Ҳиндистон) – 317,
  • Америка (АҚШ) – 310,
  • Қырғызстан (Қирғиз Рес.) – 309,
  • Әзербайжан (Озарбайжон) – 278,
  • Ұлыбритания (Буюк Британия) – 240,
  • Беларусь – 230,
  • Германия – 217,
  • Түрікменстан (Туркманистон) – 209,
  • Пәкістан (Покистон) – 148,
  • Жапония (Япония) – 92 компания.

Осылайша, бұған дейін тіпті ондыққа да кірмеген Ауғанстан (2021 жылдан бергі атауы – Ауғанстан Ислам Әмірлігі) сәуір айында күтпеген жерден және тұңғыш рет рейтингтің бас жағына шықты.

Өзбек сарапшылары мұның тек басы ғана екеніне назар аудартады. Ауғандар рейтингте жоғары өрлей беретінге ұқсайды.

Өзбекстанда енді ауғандық тарап толығымен немесе ішінара құрған 672 компаниясы жұмыс істеп жатыр.

Тиісінше, олар біраздан бері бестікке кіріп келген Оңтүстік Кореяны алтыншы орынға ығыстырып тастады. «Таң самал елінің» инвесторлары бір ай ішінде Өзбекстандағы компанияларының санын тек біреуге ғана көбейте алды.

Жалпы, Өзбекстанда ауғандықтардың қаптай бастағанын саяхатшылар да айтып жүр.

Осының алдында Қабулда тек Өзбекстанда жасалған құрылыс материалдарын ғана сататын алып сауда үйі ашылатыны айтылды. Бұл өнімдерді тасымалдап, өткізуге де ауған-өзбек бірлескен кәсіпорындары атсалысады.

Сондай-ақ, ресейлік сарапшылар ресейлік және қазақстандық бизнес Ауғанстанмен ынтымақтастығын негізінен өзбекстандық компаниялар арқылы жолға қойғанын жазып жүр.

Өз кезегінде, Өзбекстан Инвестиция, өнеркәсіп және сауда министрлігі «Өзбекстан мен Ауғанстан екіжақты ықпалдастық әлеуетін жете пайдаланып жатқанын» мәлім етті. Өзбек-ауған бизнес форумдарына, мысалы, қос тараптан 1 мыңға дейін компанияның өкілі қатысады екен.

«Ауғанстан – бүгінде Өзбекстан үшін көлемі жөнінен 5-ші экспорттық нарық болып табылады. Соңғы 5 жыл ішінде екі ел арасындағы өзара сауда-саттық ауқымы шамамен 1,5 есеге артып, 1 миллиард доллардан асты. Бұл көрсеткішті енді 3 миллиард долларға жеткізу жоспарланған. Тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдары, ауыл шаруашылығы, туризм, тоқыма-тігін өнеркәсібі салаларында бірлескен жобалар жүзеге асырылуда», – деді Инвестиция, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов.

Мысалы, жүзге дейінгі өзбек компаниясы Ауғанстанға Өзбекстанда құрастырылған түрлі көліктерді, тоқыма өнімдерін, зергерлік бұйымдарды, саналуан азық-түлік, электроника өнімдерін, ауыл шаруашылығы, тау-кен байыту, фармацевтика және басқа өнеркәсіптер тауарларын жеткізеді.

Қазіргі кезде екі елдің жауапты меморгандары мен кәсіпкерлері өзара саудаланатын тауарлардың аталым-номенклатурасын кеңейту, өндірушілер мен экспорттаушылар арасындағы ынтымақтастықты өрістету шараларын ары қарай пысықтауда.

Бұдан бөлек, мемлекеттік шекарадағы өзара өткізу бекеттерін тәулік бойғы режимге көшіру, сауда үйлерінің желісін арттыру, бірлескен ірі көлік және инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыру, жаңа теміржол салу сияқты өзара сауда-саттыққа тың серпін беру шаралары қарастырылып жатқан көрінеді.

Қос көрші бизнес серіктестігінің жаңа форматтарын ойлап тапты. Мысалы, министрліктің мәліметінше, байырғы замандардан бері қос халықтың алыс-берісінің орталығына айналған, 2,5 мың жылдан астам тарихы бар ежелгі шаһар, өзбекстандық Термезде халықаралық сауда орталығы ашылды.

Онда екі елдің бизнесінің тізе қоса жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған. Тіпті 15 күндік визасыз келіп-кету режимі енгізіліпті, орталыққа тұтасымен салықсыз аймақ (Duty Free) мәртебесі берілген.

Екі ел ірі қалаларында тұрақты түрде ауған-өзбек бизнес-форумдарын, көрмелерді, B2B форматындағы кездесулерді жиі өткізуі де кәсіпкерлер арасындағы байланыстардың бекіп, жаңа мәмілелердің жасалуына, пайдалы жаңа таныстықтардың орнауына, бірлескен жобалар мен тауар жеткізілімдердің техникалық егжей-тегжейін талқылауға қолайлы шарттар туғызады.

Ресей, Қазақстан, тіпті Еуропа елдері Ауғанстанмен сауда-экономикалық қарым-қатынасын Өзбекстан арқылы өрбітіп жатыр.

Фото: Ebrahim Noroozi/AP

Оқылып жатыр

«Қатты өкінемін»: Қазақтарды «мамбетке» теңеген блогер үкім алдында жылап жіберді

Қазақ жазушысы Қытайдың мемлекеттік сыйлығын алды

«Таза Өскемен» мекемесінің экс-басшылары 120 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

«Мәжілістен күйеуін, мәслихаттан қатынын босатыңдар»: Айгүл Орынбек журналистерге араша түсті

Астана көшесінде мас судья ұсталды

«Жалақысын талап еткен»: СҚО-да жұмысшы фермерді атып тастады

Соңғы жазбалар

«Қатты өкінемін»: Қазақтарды «мамбетке» теңеген блогер үкім алдында жылап жіберді

3 Қараша, 2025

Қазақ жазушысы Қытайдың мемлекеттік сыйлығын алды

3 Қараша, 2025

«Ешкімді блоктамадым»: Тұрсынбек Қабатов экс-әйелінің сұқбатына жауап берді

3 Қараша, 2025

Батырхан Шүкеновтің жалғыз ұлы алғаш рет әкесі туралы естеліктерімен бөлісті

3 Қараша, 2025

«Таза Өскемен» мекемесінің экс-басшылары 120 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

3 Қараша, 2025

«Он төрт жыл үмітімді үзбей келдім»: Мөлдір Мұқан Тұрсынбекпен ажырасуға өзі бірінші ажырасуға арыз берген

3 Қараша, 2025

Жамбыл облысы инвестиция тарту бойынша республикада үздік үштікте

3 Қараша, 2025

Алматының Бостандық ауданының әкімі болып Азамат Қалдыбеков тағайындалды

3 Қараша, 2025

Жамбыл облысының әкімдігі 272 млн доллардың инвестициялық келісімдеріне қол қойды

3 Қараша, 2025

«Ресми түрде ажырастық»: Мөлдір Мұқанова көңілдесіне кеткен күйеуіне бола ұзақ уақыт балалары мен туыстарын алдаған

3 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.