Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

22 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті

22 Қыркүйек, 2025

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті
  • ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі
  • «Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті
  • Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр
  • Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек
  • Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты
  • Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 23 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«ӨЗБЕКСТАН – ҚАЗАҚСТАН» IV ӨҢІРАРАЛЫҚ ФОРУМЫ: Түркістан облысының әкімдігі 68,2млн АҚШ доллары көлемінде келісімге қол жеткізді

23 октября, 2024 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Самарқанд қаласында өтіп жатқан «Өзбекстан – Қазақстан» IV өңіраралық форумына Түркістан облысының делегациясы да қатысып, маңызды келіссөздер жүргізді. Іскерлік форум шеңберінде құны 352 млн. АҚШ долларынан асатын 76 құжатқа қол қойыллы, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. 

_Өзбекстанның Самарқанд қаласындағы форумда қазақ елінің делегациясы 68,2 млн. АҚШ доллары көлеміндегі келісімдерге қол жеткізді. Оның барлығы Түркістан өңіріне тиесілі.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды экономикалық және бауырластық байланыстардың маңызына тоқталып, бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жалғасатынын жеткізді.
– Өзбекстан біз үшін бауырлас мемлекет. Бізді ортақ тарихымыз, тілдеріміз бен мәдениетіміз байланыстырады. Түркістан облысының Өзбекстан Республикасымен тауар айналымы 2023 жылы 421,9 млн. АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт 253,2 млн. АҚШ доллары болса, импорт 168,7 млн. АҚШ долларына жеткен. Екі мемлекеттің басшыларының кездесуіндегі келісімге сәйкес, Түркістан өңірінде тоқыма кластерін құру, ірі қара малдың етін өңдеу, жібек кластерін құру бағытында жұмыс жүруде. Өңірде «Қазақстан-Өзбекстан» жібек кластерін құруды ұсынамыз. «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын іске асыру бағытында біздің тарапымыздан инвестор анықталып, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Сіздерді облысымыздың инвестициялық алаңдарында бірлескен жобаларды іске асыруға шақырамыз. Ауыл шаруашылығында теріні, көкөністерді, жемістер мен сүт өнімдерін өңдеу, мақта кластерін дамытуғ туризм саласында әріптестікті нығайтуды ұсынамыз. Бауырлас аймақтар арасында мәдени іс-шаралар өткізу де маңызды. Бұл шаралар екі елдің рухани-мәдени байланыстарын нығайтып, тәжірибе алмасуға оң әсер ететініне сенімдімін, – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Форумда Дархан Сатыбалды Ташкент және Самарқанд облыстарының басшыларымен түрлі салалар бойынша әріптестік орнату жөніндегі келісімге қол қойды. Енді сауда-экономикалық, мәдени-ғылыми, гуманитарлық байланыстар бұдан сайын нығая түспек. Сонымен бірге форум аясында екі мемлекеттің кәсіпкерлері мен осы салаға жауапты мекеме басшыларының кездесулері өтті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров Сырдария, Бұхара, Наманган облыстары әкімдерінің орынбасарларымен әріптестік жөніндегі келісімдерге қол қойды.
— Өзбекстан мен Қазақстан кәсіпкерлері түрлі форматта кездесулер өткізіп, келіссөздер жүргізді. Түркістан облысының кәсіпкерлері балық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, мақта шаруашылығы, туризм, таамышатып суару, білім салалары бойынша жалпы 68,2 млн. АҚШ доллары көлеміндегі келісімдерге қол жеткізді, -деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 
Түркістан облысында Өзбекстанмен бірлескен коммерциялық жобалар іске асырылады. Самарқанд қаласындағы «Өзбекстан-Қазақстан» IV өңіраралық форумының қорытындысы бойынша Түркістан облысының кәсіпкерлері бірқатар коммерциялық келісімдер жасады. Бұл туралы аймақ әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров мәлімдеді. Оның айтуынша, Өзбекстан Республикасы мен Түркістан облысы арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келеді.
«Өткен жылы ғана тауар айналымы $422 млн-ды құрады, оның ішінде $253 млн-ы Өзбекстанға біздің тауар экспортымыз. Қазақстан негізінен ет, бидай, ұн, майлы дақылдар мен картопты экспорттайды. Өзбекстаннан бізге бақша және көкөніс дақылдары келеді. Біз 14 құжатқа қол қойдық, оның жалпы сомасы $68 млн болатын алты жобасы коммерциялық болып саналады. Біз бұдан әрі сауда қатынастарын дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашатын бірлескен кәсіпорындар құратын боламыз. Бүгінгі таңда алты жобаға қол қойылды, олар бізге 500 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», — деді Нұралхан Көшеров.
Форумда көлік-логистикалық әлеуетті дамыту мәселелері де талқыланды. Өзбекстан тауар айналымының 50%-дан астамы Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өтеді. Әртүрлі көлік түрімен 18 бағыт бойынша жолаушылар тасымалы реттелген. Бұл байланыстарды одан әрі тереңдету үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырылуын жеделдету жөніндегі Тәжірибелік іс-шаралар жоспары бар. Құжат энергетика, тау-кен өнеркәсібі және геология салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан аймақтары арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.
Айта кету керек, форум қазіргі сын-қатерлер мен ынтымақтастық келешегін белсенді талқылауға арналған алаңға айналды. Оның аясында министрліктердің, шекара маңындағы өңірлер әкімдіктерінің басшылары және екі елдің бизнес-топтарының 200-ге жуық өкілі өңіраралық ынтымақтастық, өзара сауда-саттықты дамыту және бірлескен кәсіпорындар құру мәселелерін талқылады. «B2B» форматында металлургия, құрылыс индустриясы, машина жасау, химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, IT және туризм сияқты экономиканың келешегі бар бағыттарындағы өзара іс-қимылды тереңдету тетіктері қаралды.

Оқылып жатыр

Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады

Арыс қаласында президент жолдауын насихаттау бойынша кездесу өтті

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА “ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ” ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар

Түркістанда орта азияда теңдесі жоқ «Ескек есу» арнасы ашылды

Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды

Соңғы жазбалар

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

22 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті

22 Қыркүйек, 2025

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025

«Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті

22 Қыркүйек, 2025

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек

22 Қыркүйек, 2025

Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты

22 Қыркүйек, 2025

Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Соңғы 6 айда Қазақстанда 135 бала жол апатынан қаза тапқан

22 Қыркүйек, 2025

АҚШ-та Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жерінің топырағы мен жусаны қойылды

22 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.