Таяуда белгілі өнер иесі Сәкен жаңа құдасына жағалы тонның орнына заманауи «джинсы» күртеше кигізіп, ел назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы.
Ата-баба дәстүрімен «қасқыр ішік» жабылады деп күткен жұрт бұл әрекетке таңданыспен қарап, әлеуметтік желілерде пікірлер қарша борады. Бұған дейін қыз алуға барған Майғазиевтер достарымен бірге жағалы киімнен кит киген еді. Алайда қыз беруші тарапқа арзан киімнен кит берген әнші сараңдығы үшін сынға қалды.
Желі қолданушыларының бір тобы:
«Қыз алып отырып, құдасына “дженси” дегені не сұмдық? Жағалы тонның орны қайда қалды?..» — деп, ұлттық дәстүрге сай келмейді дегенді алға тартты.
Ал екінші тарап:
«Осындай дженси күртешелердің бағасы 4–5 миллион теңгеге дейін барады. Бұл – арзан базар тауарымен шатастырмаңыздар. Бренд танымайтындар тыныш отырсын», — деп, Сәкеннің отандық сән индустриясына қолдау білдіргенін құптайды.
Дегенмен, үшінші тарап күмәнмен қарап:
«Дәл осындай күртешені базардан 30 мың теңгеге көргем»,
«Атам қазақ құдасына қасқыр ішек жапқан. Ұсақталып барамыз…» — деп, қазіргі сән ағымын дәстүрмен салыстырып, қарсылық білдіруде.