Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева туған күніне орай құттықтау жолдаған жандарға алғысын білдірді. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Todayinfo.
«Кешелі бері туған күніме орай жолдаған ақжарма тілектеріңіз бен жылы лебіздеріңіз үшін баршаңызға алғыс білдіремін!
Көңілге қуаныш сыйлаған ыстық ықыластарыңыз, пейілдеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсін!
Алла тағала баршаңызға бақ-береке, қуаныш-шаттық сыйласын. Әр шаңыраққа құт дарып, ырыс орнасын деп тілеймін.
Басымыз аман, бауырымыз бүтін, аспанымыз ашық болсын!» – деп жазды министр.