Экстремистік діни ағымдар идеологиясынан зардап шеккен мемлекеттер көп. Қазақстанға да діни ағымдардың зияны аз тимеген. Елімізде діни экстремизмнің пайда болуы және таралу себептері алуан түрлі. Дінтанушылар мен теологтар осы тұрғыда жағ ағымның жетегіне жібермеудің жолдары жайлы пікір білдірді. Орта Азия мен Таяу шығыстағы елдердің көбі радикалды ағымды ұсанушылардан орасан көп қиындық көрді.
«Қазіргі таңда экстремизмнің қандай түрі болмасын қоғамда қалыптасқан нормалар мен ережелерді түбегейлі өзгеріске енгізетін не түбегейлі жоққа шығаратын шектен шыққан көзқарастар мен іс-әрекеттер ретінде сипатталады. Бүгінгі таңда қоғамға ең үлкен қауіп төндіретін – діни экстермизм. Оның негізгі белгісі – мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзу, мемлекеттік жүйені күш-теп өзгерту және билікті басып алу, тіпті діни ілімдер мен рәміздерді бұрмалау арқылы адамдары өздеріне тартып, ымырасыз күреске жұмылдыру үшін маңызды фактор ретінде пайдалану болып келеді. Дін атын жамылып, діни мәтіндерді бұрмалап түсіндіру арқылы жеке адамның немесе бүкіл қоғамның мүдделеріне зиян келтіріп, қоғам арасында теріс принциптер мен көзқарастарды дамытып жатыр. Жасыратыны жоқ, экстремистік ұйымдардың басшылары халықты, әсіресе, жастарды діни-саяси экстремистік ұйымдардың деструктивті әрекеттеріне тартуға мүдделі», — деді Дін мәселелері зерттеу орталығының теолог маманы Саят Маханбетов.
Мемлекет пен қоғамның одан әрі үдемелі дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан үшін өзекті мәселе жастар арасында діни және саяси экстремистік ұйымдардың үгіт-насихатының әсеріне қарсы иммунитетті қалыптастыру. Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік жағынан өзін-өзі тануын және жастардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру болып табылады. Статистика бойынша әлеуметтік желілерді ғаламтор қолданушыларының 90%-ы қолданады. Деректерге сүйенсек, тіркелген қолданушыларының саны бойынша алғашқы ондыққа кіретіндер: Facebook (1,4 млрд.), Youtube (1 млрд), Google (500 млн-астам), Twitter (500 млн-нан астам), BKontakte (230 млн-нан астам), Одноклассники (205 млн-нан астам) және т.б.
«Жастардың ажырамас бөлігіне айналғаны интернет екені белгілі. Жастардың көпшілігі дін туралы ақпаратты интернеттен алып, өздері байқамай-ақ радикалды діни ағымдардың құрбаны болып жатады. Осы бағытта діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында мүдделі органдар тарапынан ақпараттық материалдарға, діни әдебиеттерге, интернет ресурстарға, діни мазмұндағы бейне және аудио жазбаларға тұрақты діни сараптамалар жүргізіліп, тиісті шаралар қабылдануда. Қазіргі таңда радикалды діни ағымдардың әлеуметтік желілердегі қаупі аса зор. Ғаламтордың жетістігін дәстүрлі емес діни ағымдар өз пайдаларына қолдануда. Экстремистік және террористік ұйымдар халыққа ақпарат арқылы әсер етуді тоқтатпай отыр. Олардың негізгі нысанасы – әлеуметтік жағдайы мен дүниеге деген көзқарасы толық қалыптаспаған топтар», — деді теолог.
Бүгінге күнге дейінгі соғыс болған мемелекеттердің халқы, зайырлы білім алудан төмен екені бізге айдан анық көрініп тур. Өйткені бірі діни білімді болса, бірі мүлдем білімсіз. Деструкивті діни ағым жақтаушылары білімсіз елді жаулап, халық арасында іріткі салумен айналысуға өте бейім келеді.
«Араб, Ауғанстан, Өзбекстанда, Сирияда, өзгеде көптеген мұсылман елдерінде , тіптен соңғысы елдегі қаңтар оқиғасының түп астарында да діни топтар белсенді болды. Соңғы кезде Қазақстанда деструктивті ағымдарды ұстанушылар саны артып келе жатқаны байқалады. Мұндайлармен күресу үшін білімді, отан сүйгіштік, намысшыл, салт дәстүрлерді құрметтеуші, адал қызмет ететін азаматтар етіп тәрбиеленуі керек. Эктремизмнің алдын алу бойынша діни сауатты білікті тәжірбиелі теологтар және имамдарымыз жұмыстары жандануы қажет. Сондай-ақ тәрбие тал бесіктен бастау алады демекші, ата-ана тәрбиесінің рөлі өте жоғары деп білемін. Ұяда не көрсе ұшқында соны көреді демекші, мектеп оқушыларына, қала берсе бала бақшасында тәрбиелік дәстүрлі, отан сүйгіштік іс-шаралар ұйымдастыру керек. Ең бастысы әрбір азамат өз елін сүйіп, адал қызмет етуі қажет», — дейді дін саласын зерттеген маманның бірі Қалдыбек Әшірбаев.
Мамандардың пікірінше, діни топтардың келуіне елде жиырмадан астам ішкі және сыртқы себептер бар. Одан бөлек дәстүрді құрметтемейтін жастар баршылық.
«Бұл мәселенің түп тамыры діни білімнің аздығы, бұл тек бір себебі ғана. Адамның діни сауаттылығы төмен болған сайын экстремизм қаупі де жоғары. Сондықтан қазіргі таңда діни білім, діни тұрғыдан сауатты болу маңызды әрі өзекті мәселе болып отыр. Ал діни сауатты қайдан алу керек десеңіз, алдымен ата-анаңды бағалау керек. Қазақта бір сөз бар емеспе, аңқау елге арамза дүмше молда келеді. Сол секілді біздің елді пайдаланып, қуыршақ етіп ойнап отырған ойы дұрыс емес арнайы бүлікші күштер бар. Сондықтан барынша білімді болуға тырысу қажет. Дәстүрден алыс кетпеуіміз қажет. Эктремистік іс әрекеттер аясында көптеген мемелекеттер зардар шекті. Мұның барлығын реттейтін құқықтық нормалар толыққанды болмағай отыр. Олардың санын азайту үшін теологтардың жұмысына белсене араласуы, ғылыми зерттеулер жүргізу, интернет желісінде ақпараттық материалдарды орналастыру секілді дүниелер — тек мәселенің салдарымен күрес қана. Деструктивті, радикалды діни ағымды ұснаушылар өзге ғаламшардан келгендер емес, өзіміздің мемлекеттің азаматтары. Бүгінде діни жат ағымдар іс-әрекетін астыртын жүргізіп отырғаны да жасырын емес. Қазіргі кезде терроризм мен экстремизмнің қауіптілік деңгейі, діни деструктивті ағымдардың қолданатын тәсілдері де өзгерді. Сондықтан бұл салада терроризм және экстремизммен күрес шаралары да жаңарып, жағдайға қарай бейімделіп, жаңа іс-шаралар қолға алынады деп ойлаймын. Дәстүрлі құндылықтарымызды дәріптеп, зайырлы мемлекет екенін жастарға ұғындыру керек. Елдің болашағы үшін білімге басты назар салып, спортқа, тәлім тәрбиелі болуға шақыру. Кез келген жерден діни білім алмау қажет. ҚР рұқсат етілмеген діни кітаптарды, сондай-ақ уағыз насихаттарды тыңдау қажет емес», — деді Әшірбаев.