Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?
  • «Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады
  • «Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты
  • «3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр
  • Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді
  • «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады
  • «Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында
  • «Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 17 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Олжас Бектенов инфляцияны тежеу және экономикалық даму болжамы бойынша кеңес өткізді

21 Шілде, 2025 Басты тақырып
Фото: Үкімет
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат егенттігі хабарлайды.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Экономикалық саясат жөніндегі кеңесте инфляцияны бақылау, әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және бағаны тұрақтандыру мәселелері талқыланды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ұлттық банктің дерегінше, 2024 жылғы маусымда инфляция жылдық мәнде 11,8%-ды құрады. Бұл көрсеткіш әлемдік нарықтағы тұрақсыздық, тарифтік өзгерістер және тұтынушылық сұраныстың артуы секілді ішкі-сыртқы факторлардың әсерінен қалыптасқан.

Инфляцияны төмендету мақсатында Үкімет Ұлттық банкпен және әкімдіктермен бірлесіп, жүйелі шаралар қабылдап жатыр. Қысқа және ұзақмерзімді кезеңді қамтитын жаңа бағдарлама дайындалған. Құжат Үкімет қаулысымен бекітілмек.

Негізгі шаралар:

  • Ішкі өндірісті ұлғайту;

  • Тарифтік саясатты тұрақтандыру;

  • Базалық тауарлар бағасын бақылау;

  • Инфляциялық күтулерді азайту.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың басынан бері шекті сауда үстемесін (15%) асыру бойынша 1 847 әкімшілік іс қозғалған. Бұған дейін ескерту түрінде берілсе, енді тікелей айыппұл салынады. Коммуналдық қызмет тарифтерінің негізсіз өсуіне жол бермеу де басты назарда. Бұл бағытта инфляцияға 0,5 пайыздық тармақша деңгейінде ықпал етілген.

2023 жылы қабылданған шаралар инфляциялық қысымды 4,16 пайыздық тармақшаға төмендетсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 2,3 пайыздық тармақшаға азайды. Қазір бұл кешен 2026 жылға дейін ұзартылып отыр.

Баға тұрақтылығы және ауыл шаруашылығы:

Сауда және интеграция министрлігінің дерегінше, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасы ЕАЭО және Орталық Азия елдеріне қарағанда айтарлықтай төмен:

  • Сиыр еті – 30% арзан;

  • Картоп, сәбіз – 38%;

  • Пияз – 47%;

  • Қырыққабат – 50%.

Жыл басынан бері нарықтық бағадан төмен 3 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Сауда бағасын тежеу үшін 30 мыңнан астам жеткізу келісімшарты жасалып, Қытай, Пәкістан, Өзбекстаннан маусымнан тыс көкөніс жеткізілді.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар–мамыр айларында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 4%-ға артып, 1,3 трлн теңгеге жетті. Азық-түлік өндірісі 10,5%-ға өскен.

Сондай-ақ, күнбағыс майы өндірісі 2024 жылы 15%-ға артып, ішкі сұраныстан 2 есе көп болды. Алты айда 388 мың тонна май өндіріліп, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,3%-ға артық. Экспорт көлемі де 294 мың тоннаға жетіп, 41%-ға өсті. Қазіргі уақытта елде 5 ірі қайта өңдеу зауыты салынып жатыр.

Олжас Бектенов: Инфляциямен күрес – Үкімет пен Ұлттық банктің ортақ міндеті

Кеңес соңында Премьер-министр инфляцияға қарсы күресте жүйелі және келісілген әрекет қажет екенін атап өтті.

– Инфляцияны төмендету – Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен, кезең-кезеңімен жүзеге асатын негізгі міндеті. Бұл бағыттағы шаралар нақты нәтижеге бағытталуы керек, – деді Олжас Бектенов.

Оқылып жатыр

Түркия түркі халықтарына «шетелдік» мәртебесін алып тастады

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Соңғы жазбалар

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

16 Қазан, 2025

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

16 Қазан, 2025

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

16 Қазан, 2025

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

16 Қазан, 2025

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.