Фото: pixabay
Қызылорданың облыстық перинаталдық орталығында босанғаннан кейін ауыр жағдайда түскен әйелге 12 донордан қан құйылып, бір айдан кейін әйелді АИТВ анықталды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Қызылордада әйел 2024 жылы 22 қыркүйекте жедел жәрдеммен периниталдық орталыққа жеткізіліп, 23 қыркүйекте түнде табиғи жолмен ұл тапқан. Жатырынан қан кетуіне байланысты 12 донордың қаны құйылып, ота жасалған. 16 қазанда үйінен шығарылған.
Бір айдан кейін әйелден АИТВ анықталады. Оқиға тіркеліп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жолданған, бірақ ешқандай шара қолданылмағаны белгілі. Медицина қызметкерлерін тергеудің орнына БАҚ шағымданудың қажеті жоқ деп ақша ұсынылғаны айтылады.