Фото: Kim Hong-Ji/Pool
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль халыққа үндеу жасап, елде бұған дейін орнаған әскери жағдай режимін тоқтататынын мәлім етті. Yonhap басылымының мәліметіне қарағанда, президентттің әскери режимді алып тастау туралы шешім қабылдауына тікелей депутаттар әсер еткен.
Жақында Үкімет отырысы өтеді.
Юн Сок Ёль бұған дейін төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге бағытталған әскерилер кері қайтарылғанын атап өтті.
Еске салсақ, бұдан бұрын Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль халқына жолдау жасап, елде әскери төтенше жағдай жариялаған еді. Президент оппозиция мен Солтүстік Корея өзіне қарсы арандатушылық әрекеттер жасамақ деп қауіптенген.