Оңтүстік Кореяның Муан қаласындағы әуежайда Jeju Air әуе компаниясының жолаушылар ұшағының апатқа ұшыраған сәті видеоға түсіп қалды. Кадрларды жергілікті телеарна жариялады, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
Ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қоршауға соғылды
MBC News өзінің YouTube арнасында ұшақтың қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қоршауға соғылғаны түсірілген сюжеттерді жариялады.
Сонымен қатар, телеарна апат орнынан тікелей эфир жүргізуде.
Апат хронологиясы және құрбандар саны
Ұшақ апаты таңғы сағат 9:07-де (Астана уақытымен 5:07-де) болды. Бортта 175 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған, олар Бангкоктан келе жатқан. Ресми мәлімет бойынша, қазіргі уақытта 179 адам қаза тапқаны расталды.
Апат салдарынан ұшақ қатты зақымданып, өрт шыққан. Кейіннен құтқару қызметі өртті сөндіріп, іздеу-құтқару жұмыстарының жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Жолаушылар арасында 173 Оңтүстік Корея және 2 Таиланд азаматы болған
Жолаушылардың 173-і Оңтүстік Корея азаматтары және 2-уі Таиланд азаматтары екені анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ қону кезінде құстармен соқтығысқан.