Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Қызық әлі алда»: Джеки Чанның Алматыға келуіне қатысты ақпарат шықты

26 Қыркүйек, 2025

«Сөйлегені, көзін қысқанына дейін аумайды»: Желіде Тұрсынбек Қабатовтың «ұлы» мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

26 Қыркүйек, 2025

Еңбекпен өрілген өмір

26 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Қызық әлі алда»: Джеки Чанның Алматыға келуіне қатысты ақпарат шықты
  • «Сөйлегені, көзін қысқанына дейін аумайды»: Желіде Тұрсынбек Қабатовтың «ұлы» мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
  • Еңбекпен өрілген өмір
  • Тоқаев Қазақстанның АҚШ-тағы елшісін қызметінен босатты
  • Саяси күштер өзгеріске дайын ба: Елдегі 7 партия жарғысындағы идеологиялық бағыттарға шолу
  • Тоқаев Нұртілеудің орнына Ермек Көшербаевті тағайындады
  • Мұрат Нұртілеу министр қызметінен кетіп, басқа лауазымға тағайындалды
  • TikTok тікелей эфирінде 3 қызды азаптап өлтірді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 26 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Оңтүстік Мұнайгаз» ісі: рейдерлік күдік пен халықаралық дауға айналған сот

25 Қыркүйек, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

18 қыркүйек күні Шымкент қаласында «Оңтүстік Мұнайгаз» акционерлік қоғамының бұрынғы президенті Андрей Шилковқа қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті. Адвокаттар сотқа істі прокуратураға қайтару туралы өтініш жасады. Олар тергеу барысында көптеген заң бұзушылықтарға жол берілгенін, айыптау актісі жалған құжаттарға негізделгенін алға тартты. Судья бұл өтінішті қабылдамаса да, мәселенің прокуратураға берілу мүмкіндігін ашық қалдырды. Сот тыңдауының нәтижесінде процесс кезең-кезеңімен жүретіні анықталды: алдымен жәбірленушілер тыңдалады, кейін куәгерлер мен айыпталушыдан жауап алынады. Соңында тараптар жарыссөзге шығады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы. 

Қорғаушылардың пікірінше, бұл іс – «рейдерлік жолмен шабуыл жасаудың айқын мысалы».

Адвокаттың сөзінше:

«Бұл қылмыстық іс емес, заңды меншік иелерін бизнесінен айыруға бағытталған ұйымдасқан әрекет. Барлығы жалған құжаттарға негізделген», – дейді ол. Мамандар акционерлер жиналысының хаттамалары қолдан жасалғанын анықтаған. 2024 жылдың қыркүйегінде Шилков іссапарда жүргенде, жаңа басшылық оның кеңсеге кіруіне тыйым салған. Құнды қағаздар мен маңызды құжаттар алынып кеткен. Бұл оқиғадан кейін оның туысы «Оңтүстік Мұнайгаз LTD» компаниясының 50% иесі Елена Шилкова да қысымға ұшырап, қызметінен босатылған».

Елена Шилкова:

«Біз ай сайын компанияны ұстап тұру үшін жұмыс істедік, бірақ жалған құжатпен бізді сыртқа шығарып тастады. Бұл – заңсыздықтың шегі». Тергеу материалдарына сәйкес, 2024 жылдың тамызында акционерлердің атынан жасалған хаттамалар арқылы директорлар кеңесі мен президентті алмастыру рәсімі жүргізілген. Бұл құжаттардың қолдан жасалғанын 2025 жылғы 23 мамырда шыққан №1159/1160 қорытындысы растады».

Қорғаушылардың айтуынша, дәл осы жалған құжаттар негізінде аудит пен салықтық тексерулер жүргізіліп, компанияға 239 млн теңге көлемінде қосымша салық салынған. Бірақ ірі мәмілелердің көбі назардан тыс қалған.

Адвокаттың сөзінше:

«Бұл – әдейі жасалған аудит. Контрагенттерге қарсы тексеру жүргізілмеді, тек бір тараптың ұсынған құжаттары ғана негізге алынды», – дейді ол. 2021–2023 жылдары «Оңтүстік Мұнайгаз» акционерлік қоғамынан серіктес компанияға 1 млрд теңгеден астам қаржы аударылған. Оның ішінде 700 млн теңгесі заңды акционерлерге төленбеген дивидендтер ретінде көрсетілген. Құқық қорғаушылардың айтуынша, бұл қаражаттың бір бөлігі Қазақстаннан тыс жерлерге шығарылған. Кейбір мәліметтерге сәйкес, Ресейде қымбат жылжымайтын мүлік сатып алынған»

Елена Шилкова бұл жайлы былай дейді:

«Ақша Қазақстаннан тыс жерге кетіп жатыр. Біз заңды үлесімізді ала алмай отырмыз. Бұл – біздің ғана емес, мемлекеттің де шығыны».

Шилковтың туыстары мен адвокаттары Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Бас прокурор Берік Асыловқа және Ресей Сыртқы істер министрлігіне ресми хат жолдаған. Олар Веналық конвенцияға сүйеніп, дипломатиялық қорғау сұрайды».

Отбасының мәлімдемесінде:

«Бұл жеке жанжал емес. Біз рейдерлік әрекеттердің анық белгілерін көріп отырмыз. Мұндай жағдай Қазақстандағы инвестициялық климатқа сенімді әлсіретеді», – делінген. 15 мамырда қамауға алынған Шилков қазір де өз құқығын қорғауды жалғастырып жатыр. Ол істі тоқтатып, заңды меншік құқығын қайтаруды талап етеді».

Сарапшылар не дейді?

Кейбір заңгерлердің пікірінше, бұл іс Қазақстандағы бизнес ахуалына байланысты халықаралық алаңдаушылық тудыруы мүмкін.

Сарапшы заңгер Светлана Колтышева:

«Егер рейдерлік әрекеттерге құқық қорғау органдары тосқауыл қоя алмаса, шетелдік инвесторлар Қазақстан нарығына сенімсіздікпен қарай бастайды», – деп есептейді. «Оңтүстік Мұнайгаз» ісі қарапайым корпоративтік жанжалдан асып түсті. Бұл іс Қазақстандағы құқық үстемдігі мен инвестициялық ахуалға тікелей әсер ететін маңызды сынаққа айналды. Кімнің уәжі дәлелді екені сот шешімінен кейін ғана белгілі болмақ».

«Оңтүстік Мұнайгаз» авдокаттар Андрей Шилков Елена Шилкова Сот Шымкент

Оқылып жатыр

«Қызық әлі алда»: Джеки Чанның Алматыға келуіне қатысты ақпарат шықты

Тоқаев Қазақстанның АҚШ-тағы елшісін қызметінен босатты

Саяси күштер өзгеріске дайын ба: Елдегі 7 партия жарғысындағы идеологиялық бағыттарға шолу

Тоқаев Нұртілеудің орнына Ермек Көшербаевті тағайындады

TikTok тікелей эфирінде 3 қызды азаптап өлтірді

«Баспаларды қарызға батырған»: «Меломан» дүкендер желісі қазақ баспагерінен кешірім сұрады

Соңғы жазбалар

«Қызық әлі алда»: Джеки Чанның Алматыға келуіне қатысты ақпарат шықты

26 Қыркүйек, 2025

«Сөйлегені, көзін қысқанына дейін аумайды»: Желіде Тұрсынбек Қабатовтың «ұлы» мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

26 Қыркүйек, 2025

Еңбекпен өрілген өмір

26 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Қазақстанның АҚШ-тағы елшісін қызметінен босатты

26 Қыркүйек, 2025

Саяси күштер өзгеріске дайын ба: Елдегі 7 партия жарғысындағы идеологиялық бағыттарға шолу

26 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Нұртілеудің орнына Ермек Көшербаевті тағайындады

26 Қыркүйек, 2025

Мұрат Нұртілеу министр қызметінен кетіп, басқа лауазымға тағайындалды

26 Қыркүйек, 2025

TikTok тікелей эфирінде 3 қызды азаптап өлтірді

26 Қыркүйек, 2025

«Баспаларды қарызға батырған»: «Меломан» дүкендер желісі қазақ баспагерінен кешірім сұрады

26 Қыркүйек, 2025

«Қазақ басылымдарын қорлаған»: Халық «Меломан» кітап дүкендер желісіне байкот жариялады

25 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.