Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады

15 Қыркүйек, 2025

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

15 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды
  • Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады
  • Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады
  • «Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды
  • Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы
  • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді
  • Темірлан Анарбеков «Реал Мадридке» қарсы матчта ойнамайтын болды
  • «Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Оңтүстіктің жиһаздарды шетелдіктердің де сұранысына ие – кәсіпкер

Оңтүстіктің жиһаздарды шетелдіктердің де сұранысына ие — кәсіпкер

17 Мамыр, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістанда жасалатын үй жиһаздары экспортқа да жіберіледі. Үй жағдайында бизнесті бастаған кәсіпкер мемлекет қолдауынан кейін өндіріс көлемін ұлғайтып, бүгінде 150 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Түркістан өңірі – халқы еңбекқор әрі еңбек нарығындағы бәсекесі қызу өңір. Мұны халқының тығыздығымен де түсіндіруге болады. Қазақстандағы халқы ең көп облыста өндірістің түр-түрін таңдап, дөңгелетіп әкеткендер баршылық. Соның бірі – Ұйғын Әбішев. Ұйғын – «Азия бренд» компаниясының негізін қалаушы.

«Әу баста бизнесті ешкімнен ештеңе сұрамай, шағын үйдің ішінен бастадық. Оншақты адаммен бастап, дүкен ашқан едік. Қазір 150 адам тұрақты жұмыс істеп жатыр. 250 мыңнан 400 мың теңге аралығында айлық алады мамандар», – деді түркістандық кәсіпкер.

Кейін жаңа технология әкелетін кезде ол субсидияға өтініш беріп, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы мен «Даму» қорынан қолдау тапқан. Солардың арқасында біраз техникаларын алып келген. Өнімнің сапасын арттырып, экспортқа шығару белесін де бағындырған. Былтыр жылына 22 мың дана жиһаз шығарып (оның 30 пайызы экспорт), енді биыл 1 мың орындық жұмыс орнын ашуды көздейді.

«Өнімдерімізді көбінесе Ресейге, Қырғызстанға шығарып жатырмыз. Өзіміздің елдің әр облысында, ауданында бар. Шетелден сұраныс жоқ емес. Бірақ бізге қаражат пен тәжірибе керек», – дейді ол.

Кәсіпкер өз өнімі импорт тауарларына баға жағынан да, сапа жағынан да төтеп береді деп есептейді. Ендігі кезекте, «Жайлы мектеп» жобасына қатысуға ниеттеніп отыр. Бұрын тендерге қатысып көрмеген компания енді кәсіптің бағын осы салада да сынап көрмек. «Азия бренд» компаниясының өнімдері Түркістандағы Орталық базарда сатылады. Жұмысшылардың жалақысы 150-400 мың теңге аралығында. Операторлар 150 мың теңге, менеджерлер 250-300 мың теңге алса, мастерлерде 400 мың теңгеге дейін айлық бар.

Компания мемлекеттің қолдауына ие болып, 6 пайызбен 100 млн теңге несие алған. Соның арқасында экспортқа өнімін шығарған.

«Біздегі мәселе мынада: Италия, Түркия, Қытай, Ресей елдерінен шикізат келеді. Шикізаттың Қазақстанда тек 10 пайызы ғана шығарылады. Пластмассадан бастап шикізат түрлері қазір біздің елде де көбейіп жатыр. Десе де, шикізат өзімізде шығарылса жақсы болар еді. Жиһаз саласындағы шикізатты өндіру, жалпы өндірісті арттыру ісі елде енді ғана көбейіп жатыр. Бізге Қытай жақын. Дәл жиһазға керекті темір құрылымдарды жасайтын нақты кәсіпорын ашылмаса, бәсекеге төтеп беру өте қиын болады», – дейді ол.

Ұйғын Әбішев өнімдердің өзіндік құны әлбетте, кейде қымбатқа түсетінін айтады. Түркістан қаласында 2023 жылы 25,8 млрд теңгенің өнімі өндірілген. 2020 жылы бұл көрсеткіш 15,8 млрд.тг құрайтын.  Өнім өндіру 61 пайызға артқан. «Asia Brend» жиһаз өндіретін фабрикасы 1,5 гектарға орналасқан, 150 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.  Жылына 22 мың жиһаз жасап шығаратын кәсіпорынның жылдық тауар айналымы 1 млрд  теңгеден асқан.

Отандық өнім Түркістанда ғана емес, Алматы, Астана, Шымкент, Қызылорда және Тараз қалаларында сатылымда. Сонымен қатар, Ресей мен Қырғызстанға экспортталып жатыр.

«Облыс әкімі кластер жасаймыз деп жақсы бастама көтерген. Сол кластер бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бізге орман бар. Шебер материалдары керек. Егер сол жолға қойылса, біз автоматты түрде экспортқа шығаратын мемлекетке айналамыз. Бізге қазір жиһаздың корпусына ламинат, ағаш-жаңқалы тақта (АЖТ – СП) жетіспейді. АЖТ-ны қалай болғанда да өзімізден шығартуымыз керек. Қазір оны Ресейден алып жатырмыз. Өзіндік құнынан 9-10 пайыз көлемінде пайда көріп отырмыз. Одан артық болмайды. Одан да төмен есептеледі кейде»,  – дейді ол.

Ұйғын Әбішевтің айтуынша, жиһаз өндірісіндегі материалдардың, әсіресе ламинат пен ағаш-жаңқалы тақтаның (ДСП) Қазақстанда өндіріліп, өзіндік құнын төмендету маңызды. Қазіргі таңда компания бұл материалдарды Ресейден алады.

Өнімдерін Түркістан ғана емес, Алматы, Астана, Шымкент, Қызылорда және Тараз қалаларында сататын компания Ресей мен Қырғызстанға да экспорт жасауда. Облыс әкімі кластер жасау бойынша бастамалар көтеріп, жиһаз өндірісінің автоматты түрде экспортқа шығады екен.

 

 

 

 

 

 

Оқылып жатыр

Түркістанда орта азияда теңдесі жоқ «Ескек есу» арнасы ашылды

400 оқушы қатысты — Саранда алғашқы Freedom ALGA футбол фестивалі өтті

Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды

Жастар – таза болашақ үшін: «Таза Қазақстан» акциясындағы белсенділік

Алматы облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары қазан айына дейін толық аяқталады

Жолдау міндеттері — ел болашағының бағдаршамы

Соңғы жазбалар

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады

15 Қыркүйек, 2025

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

15 Қыркүйек, 2025

«Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды

15 Қыркүйек, 2025

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

15 Қыркүйек, 2025

Темірлан Анарбеков «Реал Мадридке» қарсы матчта ойнамайтын болды

15 Қыркүйек, 2025

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

15 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысында жыл соңына дейін 1500-ге жуық кезектегі азамат баспаналы болады

15 Қыркүйек, 2025

Каспий теңізінде жер сілкінді

15 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.