Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді

19 Қыркүйек, 2025

«Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды

19 Қыркүйек, 2025

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

19 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді
  • «Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды
  • Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды
  • «Подстава»: Атышулы блогер Жанабыловтардың ісінде кімнің кінәлі екені анықталды
  • «Менің парақшам тек проблемаларды айту үшін емес»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің ашуын тудырды
  • Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреті табылды
  • «Бақыт тыныштықты қалайды»: Димаш Құдайбергеннің белгісіз бойжеткенді құшақтап тұрған суреті пайда болды
  • Қызылордада әлеуметтік төлемдер бойынша алаяқтық жасаған екі адамға үкім шықты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 20 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Өнім кемінде 2 есеге артады»: Түркістан облысында жаңа тәсілмен мақта шаруашылығын дамыту қолға алынды

«Өнім кемінде 2 есеге артады»: Түркістан облысында жаңа тәсілмен мақта шаруашылығын дамыту қолға алынды

5 Қыркүйек, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысында мақта сапасын арттыру мақсатында биыл жаңа тәсілмен 2,5 мың гектар алқапқа мақта егілді. Шетелдік тәжірибе негізінде қолға алынған жаңа су үнемдеу технологиясы өз тиімділігін көрсетіп отыр. Шаруалардың айтуынша, алғашқы нәтижесі таңқаларлық жетістік беріп отыр. Жаңа су үнемдеу технологиялары суды, электр қуатын, еңбек ресурстарын және минералды тыңайтқыштарды үнемдей отырып, гектарынан 60-65 центнерден өнім алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Todayinfo.ақпараттық агенттігі.

Бұл облыстың орташа көрсеткішінен 2,5 есеге жоғары. Қазақстандық мақта талшығы сапасының төмендігінен әлемдік нарықта сұраныс болмауда. Жаңа технологияны ендіру есебінен өнімділікпен қатар, мақта талшығының бәсекелестік әлеуеті ұлғаяды. Жалпы өңірде мақта шаруашылығын дамыту бойынша бірнеше мақта – тоқыма кластері құрылады. Жобаны толық іске асыру нәтижесінде мақта бағасына тәуелділік толығымен жойылады.

Жаңа технологиялық әдіс арқылы дәлдікпен егілген шит тұқымы тез өсіп, жетіледі. Тамшылатып суарудың нәтижесінде қоза көсегі түгелдей ашылып, өнім көрсеткіші кемінде 2 есе артады. Тиімді тұқым себу тәсілін бастаған шаруалар, өзгелерге үлгі көрсетті. Жаңа инновациялық тәсілдің тиімділігіне көзі жеткен диқандар осы әдіске өтпекші. Бұл агросалаға серпін беріп, өнім көлемін едәуір ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шаруалармен кездесіп, жайқалып өскен жаңа алқаптарды аралады. Сауран ауданының шаруалары қытайлық диқандармен кеңесе отырып, жаңа әдіспен мақта егіп, бұрын-соңды болмаған нәтижеге қол жеткізді.

– Былтыр облыс әкімінің тапсырмасымен тәжірибе жинақтау үшін аудан әкімімен бірге жергілікті бизнесмендер жиналып, Қытайға бардық. Сонда сол жақтың фермерлерімен сөйлескен болатынбыз. Сауран ауданына қарасты Жүйнек ауылында 130 гектар жерге тамшылатып суару арқылы мақта ектік. Су үнемдейтін жаңа тәсілді басқа шаруалар көріп, таң қалып жатыр. Бұл бұрын сор басып кеткен жер болатын. Мақта егуге болатынына ешкім сенбеген. Бастаманың нәтижесі керемет. Алып – қашпа әңгімелердің бос сөз екеніне көзіміз жетті. Қазақстанда рұқсат етілген тыңайтқыштарды ғана пайдаландық. Бәрі заңды. Әрі қарай осы тәжірибені пайдаланып, алқаптың ауқымын артырамыз деген ойдамыз, – деді Қанат Көшербаев.

Түркістан облысында жыл сайын облыста 100 мың гектарға мақта дақылы егіліп, 300 мың тоннадан астам өнім жиналады. Облыста егістікті әртараптандыруда өнімділікті жаңа технологиялар есебінен ұлғайтуға басымдылық берілуде.

«Сонымен қатар көрші ауданда шетелдік инвестор мақтаны терең өңдеу көпсалалы кешені кәсіпорындарын құрып, дайын өнімді экспортқа шығаруды жоспарлауда. Жоғары сапалы шикізатты өсіруден бастап, жұқа матадан жасалған киімдер мен жоғары сапалы үй тоқыма бұйымдарын өңдеу мен өндіруге дейін өндірістің толық циклін құруды қамтамасыз етеді. Кәсіпорын облыста алғаш рет тамшылатып суару жүйелерін орнатып, 1 мың гектардан астам аумаққа мақтаның элиталық сорттарының тұқымын екті. Егістікте жергілікті тұрғындар жұмыс істеп жатыр», -деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кезең-кезеңмен пластикалық құбырлар, тамшылатып суару жүйелері, мақта өңдеу бойынша екі зауыт, иіру, тоқу фабрикалары және кластердің басқа да жоспарланған объектілерін өндіретін зауыттарды пайдалануға бере отырып, кәсіпорын 4 мыңнан астам жұмыс орнын құрып, ал қазақстандықтарды – жоғары сапалы маталармен және тоқыма өнімдерімен қамтамасыз етеді.

 

Оқылып жатыр

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

«Менің парақшам тек проблемаларды айту үшін емес»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің ашуын тудырды

Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреті табылды

«Отбасылық оқиғаларды жария ету орынсыз»: Белгілі қоғам қайраткері Ардақ Назаровтың халықтан кешірім сұрауын талап етті

«Еш ұялмастан келіп бүлдірді»: Амантай қажының басы тағы дауға ілікті

Түркістан қаласының әкімі шетелдік инвесторларды қабылдады

Соңғы жазбалар

«Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді

19 Қыркүйек, 2025

«Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды

19 Қыркүйек, 2025

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

19 Қыркүйек, 2025

«Подстава»: Атышулы блогер Жанабыловтардың ісінде кімнің кінәлі екені анықталды

19 Қыркүйек, 2025

«Менің парақшам тек проблемаларды айту үшін емес»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің ашуын тудырды

19 Қыркүйек, 2025

Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреті табылды

19 Қыркүйек, 2025

«Бақыт тыныштықты қалайды»: Димаш Құдайбергеннің белгісіз бойжеткенді құшақтап тұрған суреті пайда болды

19 Қыркүйек, 2025

Қызылордада әлеуметтік төлемдер бойынша алаяқтық жасаған екі адамға үкім шықты

19 Қыркүйек, 2025

«Орыстілді ел деп ойлағаны қынжылтты»: Әлем чемпионатында қазақстандық боксшыларға сұрақтарды орысша дайындаған

19 Қыркүйек, 2025

«Отбасылық оқиғаларды жария ету орынсыз»: Белгілі қоғам қайраткері Ардақ Назаровтың халықтан кешірім сұрауын талап етті

19 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.