Атыс кезінде жараланған әкім орынбасары Руслан Берденовтің жағдайы туралы оның жұбайы Маржан Берденова мәлімдеме жасады. Ол халықтың тілекші болып, дұға тілегеніне алғысын білдіріп, ота сәтті жасалғанын айтты. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды.
Маржан Берденова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайының қазіргі жағдайына қатысты жаңалықпен бөлісті.
«Сіздердің дұғаларыңыз бен қолдауларыңызды сезініп жатырмын. Операция жасалды. Аллаға шүкір! Жағдайы оң динамикада. Дұғаларыңызды тоқтатпаңыздар», – деп жазды ол.
Берденова бұған дейін де жүрегінің қатты соғатынын айтып, алаңдаушылығын білдірген болатын. Оның жазбалары әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды және жұртшылық қолдау білдіруде.
Руслан Берденов оққа ұшырап, ауыр жарақат алғаннан кейін шұғыл түрде ота жасалған. Әзірге оқиғаға байланысты тергеу амалдары жалғасуда. Ресми органдар оқиғаның мән-жайы туралы толық ақпаратты жарияламағанымен, жағдайға қоғам ерекше назар аударып отыр.