Көксу ауданында мектеп оқушылары порно сайттарға кіріп, контентін тұтынған. Оны Жетісу облысының прокуратурасы анықтады, деп хабарлайды Todayinfo.
Көксу ауданындағы 7 мектепте 4 мың оқушы информатика кабинетіндегі тыйым салынған сайттарға, соның ішінде «Игра Сатаны» діни ресурсын және мазмұны ересектерге арналған сайттарға кірген.
Прокурорлық қадағалау актісімен бұл сайттар бұғатталған.
7 мұғалім жол берілген бұзушылықтары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.