Мәскеу облысындағы қала маңындағы пойызда бес оқушы жабылып қыз зорлаған. Ал 28 жастағы қыз 13-16 жастағы ұлдардың айтқанына амалсыз көнген, деп хабарлайды Todayinfo.
28 жастағы бойжеткен түнде Щёлково станциясында электр пойызға отырған. Басында ол вагонда жалғыз болған, кейін 13 пен 16 жас аралығындағы бес жасөспірім пойызға кіріп, бойжеткенді қорқытуға көшкен.
«РЕН ТВ» арнасының мәліметінше, жабайы жасөспірімдер көшеде жәбірленушіні ұрып-соғып, келесі пойызға мәжбүрлеп отырғызып, дәретханада жабылып зорлаған.
Содан кейін қаскөйлер қызды өздерімен бірге пәтерге алып кетіп, зорлық-зомбылықтарын жалғастырған. Таяқ жеп, зорланған қыз бірден арыз жазған. Оқушылардың бәрі ұсталып, тергеуге алынды.
Фото: runews24.ru