Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)
  • Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады
  • Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды
  • Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен
  • Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды
  • «Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді
  • Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды
  • Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 14 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Оқушыларға жаңа мүмкіндіктер сыйлау»: Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласында жаңа мектептің ашылуына қатысты

«Оқушыларға жаңа мүмкіндіктер сыйлау»: Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласында жаңа мектептің ашылуына қатысты

16 января, 2025 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін Қызылорда қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынған 600 орындық мектеп ашылды, деп хабарлайды Todayinfo.

Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, қоғамдық кеңес төрағасы Әріп Хожбанов, зиялы қауым өкілдері мен жауапты сала басшылары және қала тұрғындары қатысты.

Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты еңселі де сәулетті мектептің ашылуымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

«Президентіміз «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды» деген болатын.

Жаңа мектептердің ашылуы – бұл жай ғана ғимараттардың салынуы емес, жаңа дәуірде білім алатын оқушыларға жаңа мүмкіндіктер сыйлау. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде 6 900 орынға арналған 10 мектеп салу жоспарланып, оның алғашқы 900 оқушыға арналған мектебін өткен жылдыңқазан айында сол жағалаудан табыстадық. Осы айдың басында Жаңақорған ауданының Жаңарық ауылында және Арал қаласында 300 орындық 2 жайлы мектеп ашылды. Бұл арқылы Жаңарық ауылындағы бейімделген ғимаратта орналасқан, Арал қаласындағы үш ауысымды оқытуға көшуі мүмкін мектептердегі орын тапшылығы мәселесі шешімін тапты.

Бүгін міне, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының үйлестіруімен жүзеге асқан, құны 4 млрд 732 млн теңге болатын 600 орындық «Жайлы мектепті» шәкірттер мен ұстаздаригілігіне береміз. Жаңа нысанды салу арқылыбейімделген ғимаратта орналасқан Әбу Құдабаев атындағы №197 орта мектептің мәселесін шештік. Құрылыс басталғалы бері балаларымызға қала ішіндегі басқа мектепте оқуына тура келді. Ұрпақ игілігіне бағытталғанортақ істе түсіністік танытқан барша ата-аналарға алғысымызды білдіреміз. Жасампаз істердің жаршысы болатын жеткіншектерімізенді қолайлы әрі қауіпсіз, заманауи жабдықталған, кең де жайлы мектепте білім алатын болады. Бүгін табысталған жаңа білім ғимаратынан алдыңғы буынның ізгі жолын жалғаған білімді, талантты шәкірттер шығатынына сеніміміз мол. Санасы сергек, ойы ұшқыр, бәсекеге қабілетті оқушыларымыз көп болғай», – деді аймақ басшысы.

Салтанатты іс- шарада білім саласының ардагері, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Қызылорда қаласының Құрметті азаматы Алтынсары Шүренов жиылған жұртшылықты құттықтады. Еңбек ардагері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Қорғанбек Қайроллаұлы батасын берді. Сондай-ақ, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар мен құрылыс мекемесінің мамандары марапатталды.

Айта кетейік, 2024 жылы білім саласына бөлінген қаржы 264 млрд теңгеге, алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,3 пайызға ұлғайды. Саланың биылғы бюджеті 308 млрд 134 млн теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,9 пайызға арттық.

Былтыр аймақта 6 мектеп, 5 мектепке қосымша ғимарат салынып, іске қосылды. Нәтижесінде Арал ауданы Тоқабай ауылындағы №248, Шиелі кентіндегі №252 және Жансейіт ауылындағы №133 апатты мектептердің мәселесі шешілді.

«ҚазГермұнай» компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі «Оқушылар сарайы», Жаңақорған ауданында «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектебі» ел игілігіне табысталды.

Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын шыңдау мақсатында облыс орталығынан «Шығармашылық академиясы», дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты, «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен музыкалық колледждің жаңа ғимараты бой көтеруде. Жыл ішінде Шиелі ауданында да «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектебі» жұмысын бастайды.

Биыл «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен Арал ауданының Жалаңаш ауылынан 150 орындық мектеп салынады. Былтыр 8 мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді. Мемлекет басшысының 1300 мектепті күрделі жөндеу тапсырмасына сәйкес 3 жыл ішінде облыстағы 51 мектеп, биыл соның 9-ы күрделі жөндеуден өтеді.

Оқылып жатыр

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

Соңғы жазбалар

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025

Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен

14 Қыркүйек, 2025

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

14 Қыркүйек, 2025

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

14 Қыркүйек, 2025

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

14 Қыркүйек, 2025

Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні

14 Қыркүйек, 2025

Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты

14 Қыркүйек, 2025

Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.