Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен және «Батыс Қазақстан облысы бойынша «Жастар Рухы» корпоративтік қорының» ұйымдастыруымен Орал қаласында «STUD Премия – 2025» атты жастар фестивалі өтті.
Шара аясында «Ең жасы үлкен студент», «Ең алыстан келіп оқитын студент», «Ең арзан буфет», «Блогер студент», «Ең бай студент», «Ең ерекше (порожняк) студент», «Ең қызықты оқиға», «Әскер қатарынан келген студент» және «Дипломы бар студент» сияқты креативті аталымдар бойынша студенттер марапатталды.
Сондай-ақ, түрлі жоғары оқу орындарының белсенді жастары Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Төреғалиевтің атынан Алғыс хаттармен марапатталды. Олардың қатарында мына жастар бар: Жанбота Ешимова (Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті), Мирас Қоблан (Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті), Мағжан Ғазезов (Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті), Гүлнұр Құлжанова (Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті), Нұрасыл Бердібек (Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті), Қанат Досмағамбетов (Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті), Эльмира Тұрғалиева (Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті), Аяжан Есмұратова (Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті), Данагүл Төлекбаева (Батыс Қазақстан индустриалдық-технологиялық университеті), Нәзік Ғазез (Батыс Қазақстан индустриалдық-технологиялық университеті)