Орал қаласында бокс спортына үлес қосқан спортшылар мен бапкерлер марапатталды⠀
Салтанатты жиынға БҚО бокс федерациясының президенті Бауыржан Каримов, «Ақжайық» спорт клубының директоры Дамир Қалақов, федерацияның президенті Қуаныш Уахасов, бокс жанашырлары мен спортшылар қатысты.
⠀ Қуаныш Уахасов «ҚР боксын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.⠀
Пәтер кілттері табысталғандар:
• Азия чемпионатының күміс жүлдегері Даниял Сәбит
• Әлем чемпионы Өнер Сейілхан
• Жеке бапкері Берік Жарылқасын
• Облыс құрамасының аға бапкері Саттар Сұлтанғали
⠀Сонымен қатар, «Arena», «Олимп», «Алмазбек» клубтарының басшылары мен 35 үздік боксшыға арнайы спорттық киімдер табысталды.
⠀Үздіктер облыстық бокс федерациясының алғыс хаттарына ие болды.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі