Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)
  • Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады
  • Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды
  • Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен
  • Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды
  • «Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді
  • Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды
  • Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 14 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Орамал мен тоқалдан басқа ештеңе айтпайтын»: заңгер Айгүл Орынбек тағы да Тазабекке шүйлікті

«Орамал мен тоқалдан басқа ештеңе айтпайтын»: заңгер Айгүл Орынбек тағы да Тазабекке шүйлікті

17 января, 2025 Қоғам
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фотоколлаж: stan.kz

Заңгер Айгүл Орынбек онсызда қоғамның сынына ұшырап жүрген Мұхамеджан Тазабектің әрекеттерін тізіп, сын садағына алды, деп хабарлайды Todayinfo.

Ата-анасын Меккеге алып барған заңгер, көргендері мен естігендері мүлдем бөлек екенін айтты. Сонымен қатар Тазабектің де кезінде елге «талақ айтып» кеткенін еске салды.

«Мұхамеджан Тазабек ағамыздың жазбаларын оқып, Сауд Арабиясы артта қалған ел деп ойлайтын едім. Сөйтсем, бұл ел білім мен цифрлы жаһандану арқылы дамуға бар күшін салып жатыр екен. Ал біздің қазақтар сол елдің жаһандануына өз үлестерін қосып жатыр. Тазабек қандай Меккеге барып жүргенін қайдам, бірақ мен барған Меккеде әйелдердің құқығы өте жоғары деңгейде екенін байқадым. Әсіресе ер азаматтар ақша табуды толық өз жауапкершілігіне алған. Әйелдер балаларын қалай асыраймын деп бас қатырмайды», — деп жазды заңгер.

Оның пікірінше, әйелдердің миын уағызбен улау — ұрпақты қараңғылыққа тәрбиелеу. Ал оның жанында шашпауын көтеріп жүргендер де, Мүхамеджан басқарған телеарна да тоқал мен орамал төңірегінде уағыз көп айтқан.

«Қаңтар оқиғасы кезінде елден «талақ айтып» кеткен Мұхамеджан ағамыз кезінде осы елдің керемет тәжірибесін неге айтпады деген сұрақ мені мазалады. Кофе ішіп, әтір сеуіп, қарапайым халыққа тек ақыл айтып қана қоймай, Сауд Арабиясы патшаларының өз халқына қандай жағдай жасап жатқанын насихаттамағаны өкінішті.

Оның жанындағы шапанын көтеріп жүрген шәкірттері мен Асыл арнасы тек құлшылық пен әйелдермен ұрсып, орамал мен тоқалдан басқа ештеңе айтпайтын.

Отыз жыл бойы қараңғы халықты дінмен улау билікте отырғандарға тиімді болды. Қара халықты әдейі тобырға айналдырды! Қалай болғанда да әйелдерді езумен келді. Бұл – халықтың сенімін улау арқылы қоғамды басқарудың үлкен саясаты.

Миы уланған қараңғы әйел топас ұрпақ тәрбиелейді. Ұлтты жойғың келсе, көп нәрсе қажет емес – әйелді білімсіз қылсаң жеткілікті. Нәтиже: қараңғы ұрпақ!», — деп жазды Айгүл Орынбек.

 

Оқылып жатыр

Ақтөбеде дәрігерді қатыгездікпен өлтіру ісі: сотта сұмдық деректер жарияланды

«Рассрочка бар ма»: дұға сатумен айналысатын танымал блогер жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

«Келеңсіз оқиғаларды жиі көруге болады»: Тоқаев қоғамдық орындарда айқай-шу шығарып, балағат сөз айтатын әйелдерді сынады

«Арзан пиар, TikTok-қа жатып алған»: Қанды қылмыстан арылмаған Талғардың басшылары той тойлауды тоқтатпаған

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

Шұғыл: СҚО-да ерегескен екі полиция қызметтік көлікпен бір-бірімен соғысып өлді

Соңғы жазбалар

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025

Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен

14 Қыркүйек, 2025

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

14 Қыркүйек, 2025

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

14 Қыркүйек, 2025

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

14 Қыркүйек, 2025

Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні

14 Қыркүйек, 2025

Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты

14 Қыркүйек, 2025

Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.