Айтыскер ақын, қазіргі таңда өзін психолог ретінде таныстырып жүрген Мұхамеджан Тазабек қазақ қоғамында адамдарға құндылық ретінде қарау азайып бара жатқанын айтты. Бұл туралы ол Instagram желісінде бөлісті, деп хабарлайды Todayinfo.
Мұхамеджан Тазабектің айтуынша, түрлі көзқарастағы адамдардың өзара сыйластығы Түркияның Стамбул қаласында жақсы қалыптасқан.
«Мысалы, Стамбулдың көшесінде кең киінген, басында орамалы бар қыз бен үсті татуировкаға толы қыз бірге отырып, шәй-кофе ішіп, күліп-ойнап отырады. Олар бір-бірінен қашпайды, бір-бірін айыптамайды. Біздің қоғамда, керісінше, бір орамалды қыз ерсі әрекет жасап қойса, барлығына топырақ шашып, «орамал таққандарың бекер» деп кінәлап жатады», – дейді ол.
Тазабектің пікірінше, қазақ қоғамында төзімділік пен түсіністік азайып бара жатыр.
Ол сондай-ақ, қоғамда белгілі бір адамдардың бір қателігі үшін мүлде жоққа шығарылып кететінін сынға алды:
«Қоғамда танымал адам бір қателік жасаса, оны бірден сызылып тастап, өмірін жоқ қылуға тырысамыз. Негізі, әрбір адам қателеседі. Бізге бір-бірімізге түсіністікпен қарап, қолдау көрсетуді үйрену керек. Әйтпесе, қоғамда суықтық, ашу-ыза, өкпе-реніш көбейеді, ал бұл адамдардың өмірін ауырлатады», – деп түйіндеді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram