Фото видеодан кадр
Алматыда бопсалады деген күдікпен ұсталған екі блогер 15 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылулары мүмкін. Екі блогер бопсалау арқылы 10 миллион теңге талап еткен, деп хабарлайды Todayinfo.
Алматы прокуратурасының ресми мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы («Ерекше ірі мөлшерде жасалған бопсалау») бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. Бұл бап 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды, сондай-ақ мүлікті тәркілеуді қарастырады.
Блогерлердің ұсталғаны туралы ақпарат 23 қаңтарда белгілі болды. Оларды жәбірленушінің арызы негізінде 10 миллион теңге алған сәтінде ұстағаны хабарланған.
Ақпарат көзі: Tengrinews.kz