Мәжіліс депутаты су мәселесін Парламент отырысында қозғаған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.
Депутат Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, Шымкенттегі «Су ресурстары маркетингі» ЖШС тәжірибесін бүкіл елге тарату керек.
«Қазақта «судың да сұрауы бар» деген мағыналы сөз баЕр. Бұл сөзді ата-бабамыз бекер айтпаған. Бүгін де су құнды тауарға айналды. Біз су ресурстарының тапшылығы бойынша әлемде ең жоғары елдердің санатына жатсақ та, су ресурстарын үнемдеп пайдаланбай, жоғары деңгейде ысырып жасап отырмыз», — дейді депутат Еділ Жаңбыршин.
Мәжіліс депутаттының айтуынша, Қазақстанда егінді суарудың тиімсіз әдісі қолданылмайды. Суару құрылымдары тозып, дренаж жүйелері болмағанынан ауыл шаруашылығында судың шығыны 50 проценттен асып кеткен. Ал Қазақстанда табиғи судың қоры аз. Ал негізгі су айдындарына құятын өзендердің бастауы шекаралас мемлекеттердің аумағында орналасқан. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2016 жылдан бері тұщы судың жаңартылатын су ресурстары екі есеге дейін азайып кеткен. Соған қарамастан еріген қардың суларымен жауын-шашынды ешкім пайдаға жаратпайды. Өндірісте пайдаланылған суды кері қайда пайдаға жарату жүйесі де жоқтың қасы.
«Еліміздің су экожүйесі қатты және сұйық шығарылымдармен ластануда. Суармалы жерлердің тұздануы да үлкен мәселеге айналған. Мемлекет басшысы 2022 жылы Үкіметке сарапшылармен бірлесіп, жаңа су кодексінің жобасын әзірлеуді тапсырамын, климаттың өзгеруімен шекаралас елдердің саясатын ескере отырып, су тапшылығын азайтуға көмектесуі тиіс деді. Шындығында 2003 жылы қабылданған Су кодексті қазіргі заманның талабына сәйкес келмейді. Үкімет жаңа кодекстің және қосымша заңдар жобасын Мәжіліске енгізді. Су ресурстары және ирригация министрлігі жаңа кодекс арқылы Қазақстанның су ресурсын іске асыруы қажет», — дейді ол.
Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, Мәжіліске кірген су кодексінің жобасына заман талаптарына сай емес. Сол үшін кодекске 1000-ға жуық өзгеріс енгізген.
«Су ресурстарын үнемдеу мақсатында депутаттар сумен қамту жүйелерін цифрландыру және автоматтандыру мәселелерін заңнамалық деңгейде бекітуді ұсынды. Қазір елімізде және Орта Азияда тек жалғыз кәсіпорын – Шымкенттегі «Су ресурстары маркетингі» ЖШС талапқа сай жұмыс істеп тұр. Бұл кейсті Қазақстанға кеңінен тарату қажет», — дейді депутат.