Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті

6 Қыркүйек, 2025

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

6 Қыркүйек, 2025

Гүлнар Бажкеновамен айқас: жетісулық ақсақал Orda.kz редакторын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті

6 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті
  • Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты
  • Гүлнар Бажкеновамен айқас: жетісулық ақсақал Orda.kz редакторын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті
  • СҚО-да бірін бірі көлікпен соғып өлтірген полицейлердің аты-жөндері белгілі болды
  • Талғарда тағы трагедия: қыз зорлаған күдікті оның ағасын атып өлтіріп, әйелдің екі жастағы баласын ұрлап кетті (видео)
  • «Көтеруге қарсы болған»: Той үстінде қалыңдық кетіп қалды
  • Доп кеудесіне тиген: Футболшы ойын алаңында есінен танып, көз жұмды
  • Шұғыл: СҚО-да ерегескен екі полиция қызметтік көлікпен бір-бірімен соғысып өлді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 7 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Орыс генерал-губернаторлары: «Исатай-Махамбет Кенесарыға қосылып кетсе қазақ даласынан айырыламыз»

Орыс генерал-губернаторлары: «Исатай-Махамбет Кенесарыға қосылып кетсе қазақ даласынан айырыламыз»

27 Мамыр, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Соңғы кезде ағайындар жекеге көп жазып осы Кенесары ханға қатысты мәлімдемелерге комментарий бере кетуімді сұрап жүр. Жекеге әйтеуір түрлі сілтемелер келіп жатыр, салып жатыр…

Біз тегі ондай мүйізі қарағайдай тарихшы емеспіз, әйткенмен біз де көк парақ қарап отырған адамбыз, біздің де бір сызарымыз бар демекші осы тақырыпқа қатысты үш мәселеге бірер сөзімді тыға кетуді жөн көрдім.

Оның біріншісі мынау еді.

Аңдасам, соңғы кезде мынадай сөз қалыптаса бастаған екен…

— қырғыздың ханы Ормон, қазақтың ханы Кенесарының басын алды..

Бұл әрине далбаса әңгіме.

Орман — қырғыздың көп манаптарының бірі. Ол «хан» болса өзінің сарыбағыш, саяқ сынды руларына рулық дәрежеде «хан» болған шығар.
Ондай хандар бізде де 20 ғасырдың басында ақпатша есіріп қазақтан солдат аламын деген аласапыран жылдары көп шыққан. Арғынның ханы Оспан Шолақ, қыпшақтың ханы Әбіғаппар Жанбосынұлы дегендей..
Бұ кісілердің ұрпағы бұны оқып отырса маған нала қылмасын, бірақ бұл хан атанған адамдарды қалай айтсақ та қазақтың ортақ хандары еді деуге келмес. Бұл кісілерді рулық деңгейдегі басшылар еді десек болады.

Сақарада қашанда хан дегеніміз генетикалық тұрғыда ақсүйектер династиясынан шыққан, ата — бабалары ғасырлар бойы сұлтан — төре болып ел басқарған жандарды айтады.
Мысалы Еуропада Виндзорлар әулеті, Габсбургтер династиясы дегендей…
Біздің хан Кене де ата — бабасы Шыңғыстан тараған хандар династиясының өкілі болатын. Міне нағыз хан..
Жалпы қандай да бір елдің ханы отырса — оның байрағы, тұрақты әскері, алым — салығы (налогы) болуы заңдылық, сондықтан Кенесары хандығы дегеніміз іс жүзінде қазақ мемлекеттілігінің символы болатын. Бұл жерде осыны да ұмытпау керек.(мысалы Габсбургер династиясы еуропадағы неміс мемлекеттігінің айқын бір белгісі).

Орыс патшасы соны жоюмен айналысып, ғасырлар бойы хандардың етегіне жармасқан би — бектерге ерік беріп құтыртып, Қасым әулетін жәй сұлтан қылып, қарадан шыққан атқамінерлерді АҒА сұлтан қылып, оларды хан — сұлтандарға қарсы айдап салды.

(Бұл жерде орыс патшасы өз мүддесі тұрғысында сұңғылалық танытты. Нәтижесінде екі ғасыр өткен соң оның ұрпағы қазақтың бетіне батыл түрде «сендерде ешқашан мемлекет болмаған» деп айта алады).
Баяғыда бір айтқыш «қазақтың басына шәпкі, қолына пәпкі берсең болды» деген екен, өкінішке орай бұның аяғы сондай тарих болды. Ақпатшадан шен — шекпен алған жүзбасы — хорунжийлар (бүгінгі ахметова — тайчибековтардың жолын алғаш қалаған адамдар) одан соң Кененің соңынан түре қуды.
Жә, оны қойыңыз, менің айтпағым Орман манап жайлы еді. Орман да сондай би — бек, қарадан шыққан манаптардың бірі. Және бұл тарихта күллі қырғыз манаптары бірігіп қазақ ханына қарсы тұрғанын ескерсек, хан Кенені қырғыз манаптарына арандап опат болды деп айтылатын тарих нұсқасы дұрыс болар еді.
Қырғыз кейін өз дәрежесін көтере Орманды хан деп қанша күмписе де, қазақ үшін жалғыз жолбарыс — Кенені жабыла қоршаған манаптар тобы тарихта қалды.

Екінші мәселе.

Бізге Хан Кененің дәрежесін түсіріп, «Кене бұл соғыста жеңілетін еді» деген әңгімені қою керек.
Көшпелі жоңғар бір Қонтайшыға бағынған заманда ешкімге дес бермей бертінге шейін сол ақпатшамен таласып Сібірді бөліп билеп отырды. Тіпті қытай — чиң мәнжу билігі, жоңғардан зәрезап болып қонтайшыдан өлердей қорқатын.
Башқұрттың басын қосқан Алдар батыр тұсында да орыс патшасы башқұртқа жолай алмай оны айналып жүретін.

1640 жылдары орыс Сібірді отарлай келе Краснояр бекінісінде енисей қырғыздары оларға қарсы бас көтергенде, острогтағы орыс — казак оларды өзге сібір халықтары қолдап кете ме деп жандары мұрнының ұшына келген екен. «Сол кезде қырғызды өзге сібір халықтары қолдап кеткенде біз Сібірден тұтас айырылатын едік, бағымызға орай біздің жаққа шыққан тұңғыс, мадор, түрік халықтары оларды қолдамады» деп орыс құқылы зерттеушілері өз донесениелерінде оны қуана жазады.
1840 жылдары Кенесары соғысында да осыған ұқсас жағдай орын алады.
Сол кезде сақара қанша дүрлігіп ел бүлінсе де біздің сорымызға орай Исатаймен Махамбет, Жаңқожамен Сыпатай, Құнанбайларды құдай біріктірмей қойған екен.
Патша әкімшілігі осыдан қатты қорыққан екен. Орыс генерал — губернаторлары Исатай Махамбет Кенесарыға қосылып кетсе қазақ даласынан айырыламыз деп бұлардың бастарын қостырмау үшін бәрін жасаған екен.

Жалпы еуразия халықтарының бұл бойкүйездігі орыс патшасына күшті жәрдем етті, ол әлі күнге шейін солай.

(мисалы, қазір тағы бір жерде орыс империясына қарсы жанжал бұрқ етсе, Украинаға бұл күшті көмек болар еді. Бұндай жанжақты соққы империяның қабырғасын қақыратып түсер еді.)..
Негізі Кененің соғысы ағалары Саржанмен Есенгелдіден басталғанын біреу білсе, біреу білмес, ол екеуі Кенеден де бетер қасқыр болатын, егер осы Қасымның екі көкжалы тірі болғанда — бұл үш ұл үш жүзді көтеретін еді. Жалғыз Кененің өзі жарқ еткен тарих жазып дұшпанын опыр — топыр қылды, ал абадан үш ұл майып болмағанда — үш жүзді аяққа тұрғызып 19 ғасырдағы қазақ әфсанасын жазар еді.
Бұлар жан жағынан жәрдем сұрап, соғыс стратегиясын құрып жүргенде тағы сол көрші сатқын құшбегілердің қолынан мерт болды.

Яғни, бір сөзбен айтсақ біз дұшпанға өз алалығымыздан жеңілдік..
Үшінші мәселе. Осы теманы әсіресе біздің рушылдар қатты ермек қылады. Осыны айтқанда біздің трайбтар тіпті әруақты Ханға қарап кіжінгендей болады.

Рас, хан болса да пенде, Кененің істеген қателіктері болды. Ханға дипломатия жетіспеді. Кезінде атасы Шыңғысханның өзі жақынына да, дұшпанына да қыз беріп, қыз алып дипломатия құрды. Сөйтіп әлемді билеген империяның іргесін қалады.

Ал Кене біраз жерде күшке салды. Сосын, қаншалықты растығын кім білген, ханға қатындыққа қыз сұратқан, сонысымен кейбір руларды өзіне теріс қойған деген айып тағылады.
Біздің трайбтар қыз намысын сөз етіп осы жерде Ханға кіжінеді.
Шыны керек, ол кезде қыз намысын сөз ететін кезең емес еді.
1825 жылы орыс ақпатшасы указ шығарып отарлаумен жүрген өз казак — орыстарына бұратана халықтардың қызын күңдікке, қатындыққа алуға мұрсат берді.

Одан соң отарлаушылар сақарада ойына келгенін жасады. Қаншама қазақ қатын — қыздары сыртқа кетіп күң болды. Зорлыққа шалдықты.

Оны Мағжаннан да көруге болады. Сіздер Мағжанды ұлы ақын ретінде білесіздер, ал оның әңгіме жазғанын көбі білмейді, оның Бала әлде Шарана атты әңгімесі бар. Ақын сонда осы мағынадағы бір хикаяны жазады.
Осы указ Қасымның ұлдары Саржанмен Есенгелдіге наразы халықты бастап шығуға тағы бір себеп болады.
Түстікте сарт құшбегілері құтырып қазақтан қыз талап етіп ақ биенің сүтіне шомылдырып қойнына күндікке бір қыз салып тұруын сұрады. Оның арты Ақмешіт соғысына ұласты. Оңтүстік халқын көтеруге де себеп болды.

Яғни бұл кез қазақ қыздары ит — құсқа жем болған кез болатын. Қазақ қыздарының бақырдай құны болмады. Таланған жұрттың кебін кешті.
Бұл жерде ханға кінарат қойып қыз намысын сұрағыштардың сол елді біріктіремін деп теріскейде де күнгейде де шарқ ұрып орыспен де, қоқанмен де соғыс салған ханға кіжінуі қаншалықты орынды деген ой келеді кейде…

Хан қыз сұраса күңдікке емес қатындыққа сұрады.
Осыны ескеру сияқты..
Сол қатындыққа қызғанған шүйкебастарын ақыры жат күң қылды, қорлады, еселеп сыртқа сатты.
Ханнан мініске, азыққа сұраған малдарын да отаршы қолды қылып кейін өздерін миллиондап аштан қырды. Қазақ оңбай ұтылды.
Бізде сол нәрсе сараланбайтын сияқты, сараланып приоритет дұрыс қойылмағасын сол бір күңкіл қалды.

 

Олжас Әбіл, (Facebook парақшасынан)

Оқылып жатыр

Гүлнар Бажкеновамен айқас: жетісулық ақсақал Orda.kz редакторын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті

Талғарда тағы трагедия: қыз зорлаған күдікті оның ағасын атып өлтіріп, әйелдің екі жастағы баласын ұрлап кетті (видео)

«Енді мені ұра алмайсыңдар»: Шымкентте сыныптастарынан үнемі таяқ жеген 14 жастағы бала өзіне қол салды

Дональд Трамп: Ресей мен Үндістан Қытайға өтіп кетті

Жер дауын түсіруге барған: Журналист Мирболат Мырзатайұлы сот санкциясымен екі айға қамалды

Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

Соңғы жазбалар

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті

6 Қыркүйек, 2025

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

6 Қыркүйек, 2025

Гүлнар Бажкеновамен айқас: жетісулық ақсақал Orda.kz редакторын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті

6 Қыркүйек, 2025

СҚО-да бірін бірі көлікпен соғып өлтірген полицейлердің аты-жөндері белгілі болды

6 Қыркүйек, 2025

Талғарда тағы трагедия: қыз зорлаған күдікті оның ағасын атып өлтіріп, әйелдің екі жастағы баласын ұрлап кетті (видео)

6 Қыркүйек, 2025

«Көтеруге қарсы болған»: Той үстінде қалыңдық кетіп қалды

6 Қыркүйек, 2025

Доп кеудесіне тиген: Футболшы ойын алаңында есінен танып, көз жұмды

6 Қыркүйек, 2025

Шұғыл: СҚО-да ерегескен екі полиция қызметтік көлікпен бір-бірімен соғысып өлді

6 Қыркүйек, 2025

Бестөбеде «Таза Қазақстан» аясында ауқымды экологиялық акция өтті

6 Қыркүйек, 2025

Елеске айналған экс-сенатор: прокуратура қашқын Қожамжаровтың үстінен қылмыстық іс қозғады

6 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.