Павлодар қаласындағы Чудо саябағында жұмыс істеген Азиза есімді бойжеткен орыс тілін білмегені үшін қызметінен босатылған. Бұл туралы әлеуметтік желіде қала тұрғындары хабарлап, заң аясында көмек көрсетуге ниетті азаматтарды іске араласуға шақырды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Оқиға әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, тіл құқығы мен еңбек заңнамасының бұзылуы мүмкін екені талқыға түсті. Белсенділер бұл жағдайды назарда ұстап, қажетті құқықтық қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізуде.