Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Экс-банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты

3 Қыркүйек, 2025

«Жаның жұмақтың төрінде шалқысын»: Толқын Забирова жақынынан айырылып қалды

3 Қыркүйек, 2025

«Жеңіс» шыңында қайтыс болған альпинист әйелдің шатырының жаңа видеосы жарияланды (ВИДЕО)

3 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Экс-банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты
  • «Жаның жұмақтың төрінде шалқысын»: Толқын Забирова жақынынан айырылып қалды
  • «Жеңіс» шыңында қайтыс болған альпинист әйелдің шатырының жаңа видеосы жарияланды (ВИДЕО)
  • Руслан Берденов Бейжіңде көзге түсті
  • «Жүрегімде қасірет бар»: Маңғыстау облысының әкімі тастап кеткен экс-депутат жан жарасы жайлы жазды
  • «Астыртын жоспар»: Трамп Бейжіңдегі әскери парадтан кейін Ресей, Қытай және Солтүстік Кореяны айыптады
  • Қазақстанда ЛГБТ насихатына заңмен тыйым салынуы мүмкін
  • Алматы қаласында Бас редакторлар клубының ресми өкілі тағайындалды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 3 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Отанға адалдықтың айқын үлгісі: Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мегаполистің үздік дәрігерлеріне марапат табыстады

Отанға адалдықтың айқын үлгісі: Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мегаполистің үздік дәрігерлеріне марапат табыстады

14 Маусым, 2025 Алматы қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Кәсіби мереке — Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Алматыда салтанатты шара өтті. Оған Отанға адал қызмет істеп, халықтың денсаулығын жақсартуға белсене жұмыс істеп жүрген ақ қалаттылар қатысты.  Халқына беріле жұмыс істеуде орасан еңбек еткен дәрігерлерді, денсаулық сақтау жүйесінің үздік өкілдері марапатталды, деп хабарлайды Todayinfo.

Салтанатты рәсімге қала әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, медицина қызметкерлеріне мамандығына адалды мен жоғары кәсібилігі және жоғары жауапкершілігі үшін алғысын білдірді. Ол мегаполис тұрғындарының денсаулығы дәрігерлердің еңбегіне, білімі мен іске адалдығына тікелей байланысты екенін атап өтті.

«Алматы Қазақстанның медицина саласындағы флагманы екені сөзсіз. Мұнда жетекші клиникалар мен ғылыми орталықтар шоғырланған, әрі болашақ дәрігерлер даярланады. Жалпы, ана мен бала өлімі көрсеткіштерін төмендету, әлеуметтік маңызы бар ауруларға ерте диагностика жасау бойынша мегаполис республикалық деңгейден озық келеді», – деді Алматы әкімі.

Ол және қаланың денсаулық сақтау жүйесінің алдында бірқатар маңызды міндеттер тұрғанына тоқталды. Айталық,  емханалардағы кезекті азайту, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын барлық аудандарда арттыру, шұғыл көмекті дамыту, онкологиялық қызметті және ана мен баланы қорғау жүйесін жетілдіру қажет.

2030 жылға дейін Алматыда 32 жаңа денсаулық сақтау нысанын салу және 14 қолданыстағы нысанды жаңғырту жоспарланған. Қазірдің өзінде үш отбасылық дәрігерлік амбулатория мен бір емхана пайдалануға берілді.

2024 жылы халықаралық стандарттарға сай жаңа операциялық блогы бар Балалар шұғыл жәрдем орталығы қабылдау бөлімінің жаңа корпусы іске қосылды. Оның ашылуына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Бұл орталықта бүгінде 61 мыңнан астам бала медициналық көмек алды.

Бұған қоса, амбулаториялық деңгейде цифрлық шешімдер енгізілуде. Айталық, Face ID, әлеуметтік әмиян, дәрігерге жазылу және талдаулар нәтижесін алу бойынша электронды сервистер жұмыс істейді.

Алматы — елімізде алғашқы болып «Фетальді хирургия» пилоттық жобасын жүзеге асырған қала. Бұл жоба ұрыққа туылмай тұрып аз инвазивті әдістермен ота жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «Бір күндік клиника» жобасы пренаталдық диагностика әдістерінің қолжетімділігін қамтамасыз етіп, қауіпті факторларды ерте анықтауға жол ашады.

Маңызды жетістіктердің бірі — қалалық кардиологиялық орталықта аорталық қақпақты транскатетерлік имплантациялау бойынша TAVI-орталықтың ашылуы, Орталық қалалық клиникалық ауруханада Қазақстанда алғаш рет донорлық қасаң қабықты трансплантациялау отасы жасалды. Балалар шұғыл жәрдем орталығында шала туған нәрестелерге ерте витрэктомия жасау мен несеп шығарудағы ақаулар кезінде сакралды нейромодуляция әдісі енгізілді.

№2 Қалалық балалар клиникалық ауруханасында нейронавигациямен нейроэндоскопиялық операциялар жасалуда, ал №4 Қалалық клиникалық ауруханада Орта Азияда алғаш рет ірі буындарды эндопротездеуге арналған робот-ассистирленген операциялар орындалды.

Жаңа технологиялар нейрохирургия, хирургия, травматология, репродуктивті медицина, оның ішінде ЭКҰ және басқа да бағыттарда кеңінен қолданылуда. Емханаларда Үздік тәжірибелер орталықтары сәтті жұмыс істеп келеді.

Қала әкімі саланың кадрлық әлеуетін дамытуға ерекше назар аударды баса белгілеп өтті. Ол Алматы медицинасының негізін қалаған, өз тәжірибесін жас буынға табыстап жүрген денсаулық сақтау саласының ардагерлеріне ризашылығын білдірді.

«Денсаулық сақтау жүйесінің басты күші – адамдар, яғни саладағы дәрігерлер, медбикелер, фельдшерлер, санитарлық қызметкерлер», – деп атап өтті Дархан Сатыбалды.

Бүгінде жергілікті бюджет есебінен 315 болашақ дәрігер резидентурада білім алуда. Тек өткен жылы Алматының денсаулық сақтау жүйесіне 110 жас маман қосылды.

Марапаттау рәсімінің соңында мемлекеттік және ведомстволық наградалар табыс етілді. Оларды өз өмірін Алматы мен Қазақстан медицинасының дамуына арнаған дәрігерлер, медбикелер, бөлімше және қызмет басшылары иеленді.

Солардың бірі – 36 жылдық еңбек өтілі бар КГП на ПХВ «№17 қалалық емхана» дәрігері Күлжахан Нұриева. Ол «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің үздік дәрігері» ретінде марапатталды.

«Осы жылдар ішінде бірнеше буын ауысты, маған бір кездері өзім емдеген жандардың балалары келе бастады. Мен үшін бастапқы көмек, бұл – жылдар бойы жиналған сенім. Бұл марапат менің еңбегіме, маған сеніп отбасыларының дәрігері ретінде таңдаған жандардың алғасының белгісі», – деді Күлжахан Нұриева.

Айта кетейік, бүгін Акордада өткен салтанатты шарада Мемлекет басшысы Алматыдан шыққан дәрігерлер әулеті – 13 дәрігерден тұратын, жалпы еңбек өтілі 375 жылдан асатын Джувашевтер отбасын кәсібіне адалдықтың, жауапкершіліктің айқын үлгісі ретінде атап өтті. Президенттің сөзінше, әулеттің әрекеті нағыз отансүйгіштік пен адалдықтың айқын көрінісі.

Салтанатты жиын соңғы мерекенің сәнін кіргізіп, қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлаған мазмұнды концерттік бағдарламаға ұласты.

 

 

 

Оқылып жатыр

Алматыда негізгі көшелердің жөндеу жұмыстары аяқталды

Алматы метросы «Алтын орда» базарына қарай дамиды

Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа мектептер ашты

МӘМС: Алматыда жыл басынан бері 19 мыңнан астам бала дүниеге келді

Дархан Сатыбалдының тың жобасы: Алматыда УЕФА-ның төртінші санатына сай алып стадион салынады

Жаңа мектептерде оқу тілін таңдауда барлық баланың құқықтары ескеріледі – Алматы қаласының Білім басқармасы

Соңғы жазбалар

Экс-банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты

3 Қыркүйек, 2025

«Жаның жұмақтың төрінде шалқысын»: Толқын Забирова жақынынан айырылып қалды

3 Қыркүйек, 2025

«Жеңіс» шыңында қайтыс болған альпинист әйелдің шатырының жаңа видеосы жарияланды (ВИДЕО)

3 Қыркүйек, 2025

Руслан Берденов Бейжіңде көзге түсті

3 Қыркүйек, 2025

«Жүрегімде қасірет бар»: Маңғыстау облысының әкімі тастап кеткен экс-депутат жан жарасы жайлы жазды

3 Қыркүйек, 2025

«Астыртын жоспар»: Трамп Бейжіңдегі әскери парадтан кейін Ресей, Қытай және Солтүстік Кореяны айыптады

3 Қыркүйек, 2025

Қазақстанда ЛГБТ насихатына заңмен тыйым салынуы мүмкін

2 Қыркүйек, 2025

Алматы қаласында Бас редакторлар клубының ресми өкілі тағайындалды

2 Қыркүйек, 2025

Бейжіңдегі энергетикалық диалог: Қазақстан мен Қытай жаңа стратегиялық жобаларды бастады

2 Қыркүйек, 2025

«Мойынсұнғыш, ұялшақ»: Психолог Димашты отбасының айтқанынан шыға алмайтын адамға теңеді (ВИДЕО)

2 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.