Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Түркістан облысында 372 мың гектар аумақта шегірткеге қарсы өңдеу шаралары жүргізілуде

16 Мамыр, 2025

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркістандағы IT университетінің құрылысымен танысты

16 Мамыр, 2025

Жоғарғы Сот азық түлік корпорациясының ЕСЖ тауар биржасының пайдасына тендерін заңсыз деп тапты

16 Мамыр, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Түркістан облысында 372 мың гектар аумақта шегірткеге қарсы өңдеу шаралары жүргізілуде
  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркістандағы IT университетінің құрылысымен танысты
  • Жоғарғы Сот азық түлік корпорациясының ЕСЖ тауар биржасының пайдасына тендерін заңсыз деп тапты
  • Жетісу облысына – 3 жыл: өңірде 292 мың ағаш көшеті отырғызылды
  • Қарағандыда қаланың бас жоспарын түзету бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті: басты тақырып — қала экологиясы
  • Түркістан қаласының дизайн коды таныстырылды
  • Саяси сауатсыздық па, әлде қасқана айтылған арандату ма? Мәмбет Қойгелді Қырғызстан президентінің қателігін айтты
  • Алматыда 2100-ден астам жас «Жасыл ел» экологиялық жасағына жұмысқа орналасады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 16 Мамыр
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Отбасы мүшелеріне қол көтерген адамды қылмыстық іспен жазалау қарастырылады – ІІМ

Отбасы мүшелеріне қол көтерген адамды қылмыстық іспен жазалау қарастырылады – ІІМ

14 февраля, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ішкі істер министрлігі отбасы мүшелеріне қол көтеріп, денсаулыққа қасақана зиян келтірген адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту жоспарланып отырғанын хабарлады. Бұл туралы ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ренат Зулхаиров айтты.

Оның айтуынша, былтыр 8 желтоқсанда президенттің Жарлығымен бекітілген Адам құқығы және заңның үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспарына сәйкес, Бала құқығы жөніндегі уәкілмен және Мәжіліс депутаттарымен бірігіп, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды ілгерілету жөніндегі шараларды күшейту жөнінде заңнамалық түзетулер әзірленді.

«Денсаулыққа қасақана зиян келтіруді және ұрып-соғуды қылмыстық құқықбұзушылыққа жатқызу жоспарланған. Құқық бұзушының мінез-құлқына қойылатын ерекше талаптар шеңберінде сотқа «агрессорды» тұрғын үйден уақытша шығару құқығы беріледі. Сондай-ақ сот «агрессордың» денсаулық сақтау ұйымдарында міндетті психокоррекциялық курстардан өтуін тағайындауға хақылы», – деді Ренат Зулхаиров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде.

Кездесуде ол мемлекет басшысының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімше құруды тапсырғанын, ІІМ отбасыларды қолдау орталықтарымен, ҮЕҰ-мен және мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемаларын шешумен айналысатынын атап өтті.

Оның айтуынша, қазір өз балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді атқармайтын 8 мыңнан астам ата-ана анықталып, есепке қойылды. Олардың 1 мыңға жуығының ата-аналық құқығы шектелді.

«Мысалы, Петропавлда педиатрдан жас ананың қабылдауға келмейтіні туралы хабарлама түсті. Тексеру кезінде оның ұзақ уақыт бойы ішімдік ішетіні анықталды. Нәресте көмекке мұқтаж болды. Мамандар баланы нәресте үйіне орналастырды, ал анасы нарколог дәрігердің есебіне қойылды және әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 4,4 мың азаматқа қатысты материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жіберілді. Мұнда ата-ана құқығын шектеу және жағдайды түзету туралы мәселе қаралады», – деді Ренат Зулхаиров.

ІІМ өкілінің сөзінен белгілі болғандай, отбасылық жанжалдардың негізгі себебі – маскүнемдік, отбасылық қиындықтар және адамгершілік құндылықтардың азаюы. Осыған байланысты Үкімет тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі саясатты қайта қарау жөніндегі жол картасын іске асырып жатыр. Өңірлерде қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау бойынша мобильді топтар құрылды. Учаскелік инспекторлар 150 мыңнан астам отбасына барды. Мемлекеттің көмегіне мұқтаж 500-ден астам отбасы тіркелді. Сондай-ақ қиын жағдайдағы 1 мыңға жуық отбасы мен зорлық-зомбылық белгілері бар қолайсыз әлеуметтік ортадағы балалар анықталды. Олар бойынша әлеуметтік көмек көрсету үшін мүдделі мемлекеттік органдарға ақпарат жолданды.

Мысалы, Алматыда қолайсыз отбасына барған кезде әкесі мас, балалар аш, үй лас болған. Сонымен қатар үйде әкесінің ішімдік ішетін досы болған, оның да жағдайы нашарлаған. Қамқоршылық қызметкерлерімен бірлесіп, балалар кәмелетке толмағандарды қолдау орталығына орналастырылды, ал маскүнем әке наркологияға емделуге жатқызылды.

ІІМ өкілі тәулік бойы «111» және «150» жедел желісінің телефондары жұмыс істейтінін еске салды. Бұл желілер арқылы әр адам кеңес немесе қолдау ала алады.

Президент ІІМ-де отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімше құруды тапсырды. Ол отбасыларды қолдау орталықтарымен, ҮЕҰ-мен және мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, жеке отбасында да, белгілі бір өңірде де тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемаларын шешумен айналысатын болады.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Денсаулық сақтау министрлігі елімізде дәрігерлерге қол көтерген адамдардың да қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін, соған байланысты Қылмыстық кодекске норма енгізуді ұсынатынын мәлімдеген еді.

Дереккөз: Халық үні

ІІМ іс адамға көтерген мүмкін мүшелеріне отбасы қозғалуы қол қылмыстық

Оқылып жатыр

Саяси сауатсыздық па, әлде қасқана айтылған арандату ма? Мәмбет Қойгелді Қырғызстан президентінің қателігін айтты

Қызметкерлердің орташа жалақысы 262 мың теңге, басшылық 2024 жылы сыйақы алмады — Қазпошта

Шерзат Болат ісі: судья әлеуметтік желідегі пікірлерге қатысты ресми ескерту жасады

Мұхтар Мағауин: Кенесары жеңісі болмаса, Түркістан-Таразда өзбек, Қордай-Меркіде қырғыз отыратын еді

Тасмағамбетов қол қойған Алматыдағы жер сату келісімі 20 жылдан кейін жарамсыз деп танылды

Хан Кене мен Ормон манап: Садыр Жапаров шулы мәлімдеме жасап, басы кесілген Кенесары хан әрекетіне лайықты жауап алғанын айтты

Соңғы жазбалар

Түркістан облысында 372 мың гектар аумақта шегірткеге қарсы өңдеу шаралары жүргізілуде

16 Мамыр, 2025

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркістандағы IT университетінің құрылысымен танысты

16 Мамыр, 2025

Жоғарғы Сот азық түлік корпорациясының ЕСЖ тауар биржасының пайдасына тендерін заңсыз деп тапты

16 Мамыр, 2025

Жетісу облысына – 3 жыл: өңірде 292 мың ағаш көшеті отырғызылды

15 Мамыр, 2025

Қарағандыда қаланың бас жоспарын түзету бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті: басты тақырып — қала экологиясы

15 Мамыр, 2025

Түркістан қаласының дизайн коды таныстырылды

15 Мамыр, 2025

Саяси сауатсыздық па, әлде қасқана айтылған арандату ма? Мәмбет Қойгелді Қырғызстан президентінің қателігін айтты

15 Мамыр, 2025

Алматыда 2100-ден астам жас «Жасыл ел» экологиялық жасағына жұмысқа орналасады

15 Мамыр, 2025

Сабина Мовлаева Канн фестивалінде қазақ елін таныстырды

15 Мамыр, 2025

«Парламент сөзі» сыйлығына өтінім қабылдау басталды – үздік парламенттік журналистер марапатталады

15 Мамыр, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.