Фото: upl.uz

Өзбекстанда жылдар бойы жалғасқан отбасылық жанжал ақыры қанды қылмысқа ұласты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Millar басылымының хабарлауынша, келін мен ене арасындағы ұзаққа созылған араздық пен өзара қызғаныш қайғылы жағдаймен аяқталған.

Тергеу мәліметіне сәйкес, тұрмыстық кикілжің кезінде келін ашуға беріліп, енесіне пышақ жарақатын салған. Әйел алған жарақатынан сол жерде көз жұмған.

Қылмысын жасыру мақсатында келін мәйітті бөлшектеп, аулаға көмген. Оқиға туралы күйеуі білген сәтте ол әйеліне қарсы шығып, жағдайдың мән-жайын анықтағысы келген, алайда келін өз күйеуін де өлтіріп тынған. Осыдан кейін ол ештеңе болмағандай қалып танытып, асүйге барып манты пісіріп, тіпті оны көршілеріне таратқан. Тергеушілердің пайымдауынша, ол бұл әрекеті арқылы айналасындағылардың күдігін сейілтпек болған.

Бірақ көп ұзамай қылмыс ашылып, келін ұсталды. Сот оның кінәсін толық дәлелдеп, 12 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Exit mobile version