Отандық әнші Роза Әлқожа тұңғыш немересін перзентханадан алып шықты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
«Он күннен бері бөпеміз кішкентай боп, оттегімен демалды. Одан өзім ауырып әуреге түсіп ем.20-сы шығады деп дайындалғанда балалар бөлімінің басшысы тағы жібермеген.
Бөпемізді перзентханадан бүгін ғана рұқсат беріп, аяқ астынан шығарып алдық! Екі сағатта жиналып, осылай бара салдық. Бұл да Алланың бұйрығы. Бастысы — дені сау, ғұмыры ұзақ болсын», — деді ол.
Ол өзінің енесі алғашқы шөбересін өзі алып шыққанын айтты.
«Бізге де салиқалы әже болуға жазсын.Бата-тілек арнай отырыңыздар. Көп тілегімен көркейе берейік.Аллаға сансыз шүкір, сансыз мадақ.Қуаныш сіздерге де жұғысты болсын! Әр шаңырақта той болсын! Ұрпағымызбен мың жасаған жандардан болайық. Балапанымыз үлкен боп өсіп кетсінші», — деп жазды ол.