2024 жылы 13 желтоқсанда Париж төтінде “Тілтанудағы əлем картасын құру: “Диуани Лұғат ат-Түрк” 950-жылдығы” Халықаралық конференциясы өтті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.
ЮНЕСКО штаб-пəтері Түркі мəдениеті жəне мұрасы қоры Түркі əлемінің жəне дүниежүзілік мəдени мұраның жауһары “Диуани Лұғат ат-Түрк” 950-жылдығына орай, сондай-ақ, осы датаның 2024-2025 жылдардағы ЮНЕСКО шеңберінде мерекеленетін мерейтойлар тізіміне енуі аясында 2024 жылдың 13 желтоқсан күні Францияның Париж қаласындағы ЮНЕСКО штаб-пəтерінде “Тілтанудағы əлем картасын құру: “Диуани Лұғат ат-Түрк” 950- жылдығы” тақырыбындағы Халықаралық конференциясын ұйымдастырды.
Конференцияның мақсаты – ХІ ғасырда жазылған Махмұд Қашғаридің монументалды еңбегінің маңызын айқындау, бүгінгі замандағы өзектілігін айшықтау жəне өскелең ұрпаққа жалғастыру бойынша жаңа бастамаларды ұсыну.
Шараның шымылдығын ашқан Түркі мəдениеті жəне мұрасы қорының Президенті Ақтоты Райымқұлова өз сөзінде “Диуани Лұғат ат-Түрк” 950-жылдығын 2024-2025 жылдары ЮНЕСКО шеңберінде мерекеленуінің жоғары маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, осы туындының бүгінгі замандағы мəдениетаралық байланыстарды нығайтудағы тарихи маңыздылығы мен рөліне назар аударды. Ақтоты Райымқұлова ХІ ғасырдың ұлы ғалымы Махмұд əл-Қашғаридің бұл еңбегін тек сөздік қырынан ғана емес, түркі тілдерінің байлығын суреттейтін энциклопедия, түркі дəстүрлерінің даналығы мен түркі мəдениетінің жарқындығының бейнесі ретінде сипаттады. Сонымен қатар, “Диуани Лұғат ат-Түрк” 950-жылдығын мерекелеуді тек маңызды оқиға болуымен бірге жаһандану кезеңіндегі түркі халықтарының бейматериалды мұрасын сақтау бойынша бастамаларды күшейтуге деген үндеу ретінде қабылдауға шақырды.
Африканың басымды сұрақтары жəне сыртқы байланыстар бойынша ЮНЕСКО Бас директорының орынбасары Фирмин Эдуард Матоко “Диуани Лұғат ат-Түрк” 950-жылдығына арналған конференцияның қатысушыларын қарсы алып, бұл шығарманың Түркі əлемімен қатар дүниежүзілік мəдени мұрадағы да жоғары маңыздылығын атап өтті. Ол “Диуани Лұғат ат-Түрк” еңбегін түркі халықтарының тарихы мен байлығын бейнелейтін энциклопедия ретінде сипаттады.
Конференция Францияда аккредиттелген Түркі мемлекеттері елшілерінің, ЮНЕСКО істері бойынша Ұлттық комиссиялары Бас хатшыларының жəне ЮНЕСКО жанындағы Түркі мемлекеттері Тұрақты өкілдерінің, сондай-ақ, баяндама жасаған Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Түрікменстан, Мажарстан жəне басқа да мемлекеттері көрнекті ғалымдарының басын қосты.
Сонымен қатар, іс-шарада Ыстамбұлдағы Али Эмири Эфендидің кітапханасында сақталған “Диуани Лұғат ат-Түрк”-тің арнайы əзірленген түпнұсқалық репликасы, сондай-ақ, туындының тарихи жолын жəне Махмұд əл-Қашғари өмірін суреттейтін ақпараттық стендтер ұсынылды.
ЮНЕСКО-ның 42-ші Бас конференциясы лексикограф жəне филолог Махмұд Қашғаридің “Диуани Лұғат ат-Түрк” еңбегінің (түркі диалекттері мен тілдерінің жинағы) 950- жылдығын (1074 жыл) 2024-2025 жылдардағы ЮНЕСКО шеңберінде мерекеленетін мерейтойлар тізіміне енгізді. Бұл шешім Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан жəне Өзбекстан мемлекеттерінің біріккен ұсынысы негізінде Мажарстан, Мауритания, Марокко, Катар жəне Тəжікстан мемлекеттерінің қолдауымен қабылданды.
Конференция ЮНЕСКО жанындағы Ұлттық комиссиялар мен Түркі мемлекеттерінің Тұрақты делегациялары қолдауымен өткізілді.